Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жабал Ерғалиев, Сенат депутаты: - АРҚА АЖАРЫ

Жабал Ерғалиев, Сенат депутаты:

– Алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев парламентарийлер мен жалпы еліміздің алдына жаңа міндеттер қойды.

Ол міндеттердің барлығында Елбасы қазіргі әлемдік қаржы, экономикалық және саяси дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның  бүгіні мен болашағын терең саралап берді. Биылғы жылы өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын кеңінен  атап өткелі отырған  еліміздің әлеуетін одан әрі нығайта түсу керек. Бұл үшін ел бірлігін сақтауға тиістіміз. Елбасы өз сөзінде қазіргі жағдайда әлемнің кез келген мемлекеттеріне  террорлық әрекеттер қауіп төндіріп отырғандығын да жасырған жоқ. Соған сәйкес Парламентке терроризмге қарсы тұру әрекеттерін күшейту бағытындағы Заңды қайра қарауды ұсынды. «Бізге бәрінен де елдің тыныштығы қымбат» деген Мемлекет басшысының сөзін қол соғып құптадық.
Қабылданатын әр Заңның мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіру қажет. Өйткені, әр адам күн сайын газет оқып, теледидардың алдында отырған жоқ. Тіпті, Заң жобаларын алдын ала қоғамдық тыңдаулардан өткізіп, қалың жұртшылықтың пікірін де ескеру керек. Міне, Елбасы осы бір өзекті мәселелерге де ден қойды.
Парламент биылғы жылы елуге жуық Заң қабылдауы керек. Елбасы бұл Заңдардың барлығының да Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін аса маңызды екендігін атап көрсетті. Жоғары оқу орындарын Назарбаев Университеті үлгісінде автономды басқару жүйесіне көшіру, жергілікті атқарушы органдардың дербес өз бюджеттерін қалыптастыру, электр қуатын үнемдеу, стандарттау мәселелері заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі керек.
Елбасы сондай-ақ, жер реформасына байланысты Заңның кейбір баптарына 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін өзінің мораторий жариялағанын, осы кезеңде  жерді  пайдалану ісінде тәртіп қалыптастыру қажеттігін айтып, ендігі арада ауыл шаруашылығы жерлерін кім көрінгенге жүздеген мың гектарлап беруге жол бермеуді тапсырды.
Ел мен тәуелсіздік алдында бәріміз де жауаптымыз. Елбасының парламентарийлерден бастап, барлық қазақстандықтар алдына міндет қойып сөйлеген сөзі бізге осыны қайра бір ұғындырғандай болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар