Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңдеуші салаға мән берілуде - АРҚА АЖАРЫ

Өңдеуші салаға мән берілуде

Жақсы ауданы облысымыздағы ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілігі дамыған іргелі өңірлердің бірі. Оңтайландыруға байланысты 1997 жылы Қима ауданымен біріктірілген Жақсыда қазіргі күні 11 ауылдық округ бар. Құнарлы қара топырақты аймақ болғандықтан, егіні  бітік шығады. Шаруашылықтардың басым көпшілігі ірі агроөнеркәсіп холдингі болып табылатын «ТNК агрофирмасы» серіктестігіне қарайды.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында аудан шаруашылықтары 2363,8 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірген. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 104 пайыз. Тірі салмақта 1802,1 тонна ет, 10420,0 тонна сүт және 3060,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда егіншілікпен бірге мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының мал өсіруге ден қоя бастағаны байқалуда. Бұған аудандағы «Урожай», «АйБат» сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың ықпалы тиіп отырғаны анық. Бұл кәсіпорындардың өнімі аудан, облыс аумағынан шығып, еліміздің өзге аймақтарына шығарылуда. «Урожай» ЖШС ұны іргелес Орта Азия республикалары мен Ресей, Қытайға сатылады. «АйБат» серіктестігінің сүт өнімдері Елорданың сауда орындарында көптеп сатылуда.
Ауданда  ауыл шаруашылығымен бірге, өнеркәсіп саласы да жақсы дамуда. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 976 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 114,3 пайызды құрап, салада біршама өсім қарқыны байқалды. Өнеркәсіп өнімдерінің басым көпшілігі өңдеуші саланың үлесіне тиеді. Жарты жылдың ішінде ауданның өңдеуші кәсіпорындары 856,5 миллион теңгенің өнімін шығарған.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік те қарқынды дамып, олардың экономикадағы алатын үлес салмағы жылдан жылға арта түсуде. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметке сай ауданда тіркеліп жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар саны 185 болса, олардың 168-і шағын кәсіпкерлік, 13-і орта кәсіпкерлік нысандары, қалған  4-уі ірі кәсіпорындар. Әлемді қамтыған дағдарысқа қарамастан, аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны да, қызмет көлемі де қысқарған жоқ.
Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1113,0 миллион теңгені құрады. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл 115,5 пайыз. Осыдан байқалып отырғандай, аудан аумағындағы ірі шаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындар өндірісті дамытуға жете көңіл бөлуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар