Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрамамыз қауқарлы - АРҚА АЖАРЫ

Құрамамыз қауқарлы

Қазақстан мен Польша құрама командалары бұған дейін үш рет кездесіп, бәрінде де қарсыластарымыз жеңіске жетіпті. Бішкектегі ұят болған ұтылыстан кейін отандастарымыздың тәуір өнер көрсетуіне көңіл күпті еді.
Ойымызда қонақтардың пайдасына ірі есеп менмұндалай берген.

 Алайда… иә, алайда Қазақстан құрамасы бұл жолы болмасты болдырған сияқты. Әрі бас жаттықтырушы Талғат Байсуфиновтің туған күніне. Еуропа біріншілігінің алғашқы іріктеу ойындары аясында біздің жігіттердің 2:0 есебімен ұтылып тұрып, тіс қаққан поляктармен тең түсуі айды аспанға бірақ шығарғанмен бірдей болды. Ә, дегеннен көңіліміздің көтеріліп қалғаны бұл жолы ұлттық құрамада өзіміздің қандастарымыздың қарасы көп болғандығы көңілді бір көтеріп тастаған. Мұны әрине, бас жаттықтырушының өз ұлтына жүрегі бұрғанына баладық.
Десек те, ойынның бірінші кезеңі біздің пайдамызға шешіле қоймады. Қонақтардың шабуылшысы Капустка 9-ыншы минутқа жеткізбей-ақ есеп ашты. Одан біздің қақпаға ағын судай лап қойған поляктарды қалай тоқтатарын білмеген ойыншыларымыз дөрекі ойнай бастады. Елдос Ахметов айып алаңында жоқ жерден атақты Левандовскиді аяқтан шилып, айып добын оның өзі қақпаға дәл тулатты. Тағы да поляктардың қақырата соққан екі добы қақпа бағанына тиіп, голдың кірмеуіне құдай өзі бізге жақ болды. Бірте-бірте жүрексінгендерін басқан қазақстандықтар да бұл екі ортада қарап қалмай, бірде Есіләмбек Қуат, бірде команда капитаны Бауыржан Исламхан қақпаның құлпын сәл ғана таба алмай қалды.
Оның есесіне біздің жігіттер нағыз ойын өрнегін екінші таймда көрсетті. Араға көп уақыт салмай, Серікжан Мұжықов пен Мақсат Байжанов қақпа алдында Сергей Хижниченконың аяғына допты дәл салып, біздің шабуылшы екі ретте де стадионды дүр сілкінтті. Бұдан кейін абдырап, өз-өздеріне әзер келген поляктарға үшінші голды да салсақ қой деп едік,  әттен, бүйірден қақпаны жанай өткен допқа ешкім үлгере қоймады. Жеңеміз деп келген Польша құрамасы осылай күтпеген жерден алаң иелерімен тең ойнап, құрамамыздың қауқарымен санаспасына амалдары қалмады. Алда да осылай жалғастыра түссек…
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар