Қаржылық сауаттылыққа сүйенген жөн

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының   жұмыс  қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Отырысты  облыстық филиалдың басшысы Аяш Кеншінбаева  ашып,  жыл басынан бері  атқарылған жұмыстары жа-йында  айтып өтті. Ол  ағымдағы жылы  инвестициялық табыс сомасы  267, 21 миллиард теңгені құрағанын әрі биылғы жылы инвестициялық табыс  көрсеткіші  өткен жылмен   салыстырғанда    екі  есе  артқандығын тілге тиек етті.  Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 96,60 миллиард теңгені құрап отыр. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына   10, 08  миллиард теңге   аударымдар тиесілі екенін де баяндады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалы басшысының орынбасары Жасұлан  Бекмағамбетов зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы елімізде 6,22 триллион теңгеден асқандығын мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың
1 шілдесінен бастап, шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттары 10,11 миллион бірлік болды.  Ал,  ерікті зейнетақы жарнамалары бойынша  шарттар – 39071 бірлікті құрады.
Басқосу барысында  әр адам  жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары  жайлы толық  ақпаратты  www.enpf.kz   сайтынан білуге болатыны да еске салынды.  Қазіргі таңда электронды хабар тәсілін  2,2 миллионға жуық адам таңдаған, оның 1,9 миллионына зейнетақы шотын  қор сайтында немесе мобильдік жүйелері бойынша   қарауға болады.  Айта кетерлігі,  2015 жылдың ақпан айынан биылғы жылдың 1 шілдесіне  дейін салымшылардың жеке  зейнетақы шоттарының   309 мың  көшірмесі  берілген екен.
Ал, салымшылармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Айгүл  Қайырбекова азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында    мекемеде арнайы бөлімнің жүйелі жұмыс істеп жатқанын жеткізді.  Қаржылық сауаттылық –  ең алдымен артық шығынсыз өмір сүрудің кепілі. Бұдан  жастар зейнетақы жүйесі жайлы ертерек ойланғандары  дұрыс деген ой туындайды.
Кездесу  соңында  мамандар  тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар