Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дизель отыны бағасы - АРҚА АЖАРЫ

Дизель отыны бағасы

өсетін түрі бар

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №351 бұйрығымен ішкі нарықта дизель отынын  бөлшек саудамен сату бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 8 тамызынан бастап, дизель отынын бөлшек саудамен сату бағасын мемлекеттік реттеу өз күшін жойып, мұнай өнімдерінің бағасы нарықпен белгіленетін болды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында облысқа 4000 тонна дизель отыны бөлінді, оның 1000 тоннасы қолында ресурсы бар «Petoleum Operating» ЖШС арқылы бөлініп отыр. Аталған серіктестік дизель отынын жеткізуді өз бетімен 5 вагонға немесе бөлінген көлемнің үштен біріне қысқартқан. (Қостанай облысына 3000 тонна, Солтүстік Қазақстан облысына 4500 тонна  бөлінді).
Министрлік 2016 жылдың қыркүйек айына облыстағы бөлшек сауда операторларының 16000 тоннадан астам тапсырысының орнына 500 тонна дизель отынын бөлген. (Қостанай облысына 500 тонна, Солтүстік Қазақстан облысына 500 тонна).
Жоғарыда көрсетілген дизель отынының көлемі Қазақстан Респуб-ликасы Энергетика министрлігінің ұсынысына сәйкес ірі жанар-жағармай құю стансалары арасында бөлініп отыр. Осыған орай, қазіргі кезде дизель отынын өткізудің бөлшек сауда бағасына шектеу жоқтығынан, бөлшек сауда операторлары дизель отыны ресурстарын республика аумағында немесе одан тыс жерлерде өздері іздеп тауып, қалыптасатын баға бойынша сата алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар