Жігерлі жастар бас қосты

Қапшағай қаласында «Жас Отан» жастар қанатының  ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жастар – Отанға!» жазғы саяси лагері өтті.

Мұнда еліміздің 16 өңірінің 250-ден астам көшбасшы жастары жиналды. Ақмола облысының атынан 13 белсенді жасотандық қатысты. Бес күнге созылған лагерь барысында жастар түрлі семинар-тренингтерден өтіп, зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасты.
Бұл жолғы лагерьдің ерекшелігі қатысушылар  пікірталас алаңдарында жас-тар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында жүзге тарта жобаларын ұсынды. Оның ішінде, «Жас Отан» жастар қанатының Атбасар аудандық бөлімшесінің жетекшісі Мәдина Нұртазина мен Аршалы аудандық бөлімшесінің жетекшісі Айнұр Арықбаеваның жобалары үздіктер қатарынан табылды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Айта кетерлігі,  ең жақсы жобалар таяу келешекте  жүзеге асырылмақ.
Сонымен бірге, қатысушылар  саяси менеджмент мектебінің сарапшыларымен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Жүздесу кезінде «Халық алдында сөз сөйлеу», «Әлеуметтік желіде сұранысты қанағаттандыратын өнімді ойлап тауып, алға жылжыту», «Еңбек өнімділігі жоғары азаматтардың 7 әдеті» сынды үш тақырып талқыланды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов,  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілі Қуаныш Әбдірахманов және «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновпен интерактивті кездесулер өткізілді.
Лагерь жөнінде өз ойымен бөліскен  Мәдина Нұртазина  шараның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, лагерь өзге аймақтардың белсенді жастарымен тәжірибе алмасуға  оң жағдай жасаған. Ол бұл жұмыстағы олқылықтарды жойып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға итермелейтінін де сөз етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар