Айшықты мереке ретінде өтеді

Құрбан айтына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин    облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде    БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.

Облыс имамы ислам күнтізбесіндегі осы айшықты мерекенің тарихы мен тағылымы жайында әңгімеледі. Биылғы бір ерекшелік, құрбан шалатындар үшін Астанаға баратын жолдың бойында орналасқан «Бижан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетпекші. Құрбанға шалынатын малды осы жерден сатып алуға болады. Құрбан айттың алғашқы күні, атап айтсақ, 12 қыркүйек күні таңғы сағат 6.30-дан 7.25-ке дейін Науан хазірет мешітінде арнайы уағыз айтылады. Айт намазы алдында облыс басшыларының халықты құттықтауы да күтілуде. Одан әрі сағат 7.30-да  Айт намазы оқылады.
Мұсылмандар үшін ұлық мереке саналатын Құрбан айты тек құрбан шалумен ғана шектелмей, мешіттер тарапынан түрлі қайырымдылық және мәдени-спорт шаралары да ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Степногорск қаласының жанындағы Бестөбе кентінде мереке шеңберінде ат спорты ойындары өткізілмекші. Осындай шара Қорғалжын ауданында да өтеді деп жоспарланған. Құрбан айтының алғашқы күні Науан хазірет мешітінде мүгедек балалар мен әйелдерге арналып арнайы дастархан жайылмақ. Айттың екінші күні қаладағы жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын студент жастарға дастархан жайылып, одан әрі жастар арасында түрлі ойындардан сайыстар өткізілмек.

Қалкөз ЖҮСІП

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар