Дәріханаларға тексеріс жүргізілді

«Нұр Отан»  партиясы  Көкшетау қалалық филиалының   ұйымдастыруымен рейд жүргізіліп, «Левзея», «Вита» және «Здоровье»  дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бағалары  тексерілді.

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Төкеев басқарған топқа  облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстағы  табиғи монополияларды реттеу  және бәсекелестікті қорғау комитетінің, қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері   қатысты. Тексеру барысында  аталмыш 3 дәріхананың барлығында  тұтынушыларға жеңілдіктер  қарастырылғаны анықталды. Мәселен, «Здоровье» дәріханасына  сағат  таңғы 9.00-ден, түскі 12.00-ге  дейін келген тұтынушыларға  барлық дәрі-дәрмектерге  5 пайыз жеңілдік беріледі.
Мұрат Төкеев осындай тексерістер  жиі өткізіліп тұрса, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге  болатынын айтты. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  ұстазы Анар Камирова  «Левзия» дәріханасының басшыларына тұтынушылар дәрі-дәрмектің құнын фармацевтен сұрамай-ақ өздері көру үшін, бағаларды  маңдайшаға жазып қоюға кеңес берді. Ал, дәріханаға  келген зейнеткер  Анатолий Шленский  барлық дәріханаларда тұрақты баға орын алса екен деген тілегін білдірді.                             
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар