Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің елдігін танытатын кез жақындап қалды - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің елдігін танытатын кез жақындап қалды

 

Қазірдің өзінде әлемнің жүзге жуық мемлекеті өздерінің қатысуға деген ниеттерін білдірген Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына бір жылға жетпейтін уақыт қалды. Ел тарихында бұрын соңды болмаған мұндай ауқымды шараның қандай деңгейде өткізілгендігінің Қазақстанның әлемдік аренадағы беделіне қаншалықты әсер ететіндігін айтып жату артық болар. Ақиқатына жүгінсек, бұл көрме бұған дейін елімізде өткізілген Азия ойындарынан да, келесі жылдың басында өтетін Универсиададан да маңызды. Қарапайым тілмен айтсақ, өзгенің озық технологиясы мен түрлі жетістіктерін тамашалаумен қатар, өзіміздің де көштен қалмағанымызды ғана емес, көп жағдайда алпауыт елдермен де тайталаса алатындай жағдайымыз барлығын, тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр ғана өтсе де көп нәрсеге қол жеткізгендігімізді паш ететін кез бұл. Ал, оған деген дайындығымыз қандай, не көрсетеміз, немен таңдандырамыз, немізбен тамсандырамыз?!

Жуырда  «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық компания-сы» АҚ Қоғамдық кеңесінің  үшінші мәжілісі өтіп, онда осы және көрмеге қатысты басқа да мәселелер пысықталды. Бұл жолғы отырыста негізінен ЭКСПО-2017 көрмесінің еліміздегі ішкі және сыртқы туризмнің дамуына деген ықпалы сөз болды. Шынында да, осы уақытқа дейін Қазақстанда туризм мәселесінің мүлдем ақсап жатқандығы ақиқат. Бұл орайда, сырттан келетін туристердің мүлдем аздығын айтпағанның өзінде, ішкі туризмнің де жағдайы ешқандай сын көтермейтіндігі белгілі. Қызмет сапасының тым төмен деңгейде екендігі, бағаның аспандап тұрғандығы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Бірақ, әзірге оңтайланып кеткен шаруа байқалмайды. Осыдан барып, дем алуға Түркияға барған қазақстандықтардың бір-біріне «Бурабайға баруға ақшаң жетпеді ме?» деген әзілдері туындайды. Шындығында бұл әзілдің астарында нағыз ақиқат жатыр.
Мәжілісте «ЭКСПО-2017 ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрмеге дайындық барысын айта келіп, құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ, жуырда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып, сын-ескертпелерін айтқан екен. Рас, бүгінге дейін құрылыс жұмыстарының басым көпшілігі аяқталып қалған. Дайындық барысымен танысқан шетелдік қонақтар мен сарапшылар да оң баға бергенге ұқсайды. Алайда, ЭКСПО-2017-ге қажетті ғимараттар құрылысын уақытында аяқтау бар да, көрмені заманның өскелең талаптарына сай өткізу бар ғой.
Қоғамдық кеңесте Шанхай қаласында өткен ЭКСПО-2010 көрмесінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай павильонының Комиссары Ван Чинжен, ЭКСПО-2015 көрмесі Басқарма төрағасы, бүгінде Милан қаласының мэрі Джузеппе Сала мырзалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің де әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты бағасын алатындығына сенетіндіктерін айтты.
Қоғамдық кеңестің бұл жолғы отырысы ішкі және сыртқа туризм мәселесіне арналғандығын жоғарыда айтып өттік. Бұл орайда, дұрыстап қолға алса туризм саласын аз ғана уақытта қарқынды дамытуға болатындығы туралы әлемде тәжірибе аз емес. Мәселен, Қазақстанмен бірге Тәуелсіздік алған Грузияда 5 миллион халық тұрса, ол елге жылына 2 миллионнан астам турист келеді екен. Әрине, бұл арада Грузия бұрынғы Кеңес одағы кезінен бері туризмге бізден бір табан жақын деген ой айтылуы мүмкін. Дей тұрсақ та, Одақ ыдырағаннан бері талай қиындықты бастан кешкен Грузияның түрлі реформалар, оның ішінде туризмді дамытуда бізден көш ілгері екендігін мойындаған жөн. Салыстырмалы түрде айта кетсек, Қазақстанға өткен жылы бар болғаны 70 мың турист келіпті. Әзірге бізге жұмыс іздеген көрші елдердің азаматтары мен мигранттары және  арнайы жұмыс бабымен кәсіпкерлер ғана келеді деген дұрыс.  Осының өзі-ақ, бізде туризм мүлдем жоқ деуге негіз емес пе?! Туризм дамыған елдерге сырттан ақша құйылып жатса, бізге сырттан келіп үй салып беріп жатқан көршілеріміз біздің ақшаны елдеріне тасып жатыр. Бұл ащы болса да шындық.
Міне, осы деректерге көз жүгірте отырып, ЭКСПО-2017-нің еліміздегі ішкі және сыртқы туризмге серпін беруі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет-ақ.
  Айтпақшы, ЭКСПО-ға қатысуға ниет білдірген елдер өкілдерінің алғашқы легі осы қазан айында келіп, өздеріне тиесілі павильондарға қажет дүниелерін қоя бастайды. Яғни, олар келер жылғы қыркүйек айында көрме аяқталғанша Астанада болады деген сөз. Ал, енді бізге дейін ЭКСПО көрмесін өткізген елдердегі жағдайларға келетін болсақ,  Милан қаласында өткен көрмеден соң Италияда туризм 10 пайызға өскен. Ал, Шанхайда өткізілген көрменің нәтижесі тіпті үлгі боларлықтай.
Мәжілісте сондай-ақ,  Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы арнайы өкілі Серік Қожаниязов, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров аталмыш облыстардың көрмеге келген қонақтарға өз облыстарында не көрсете алатындықтарын айтып берді. Қызылорда облысына келетін болсақ, алдымен әлемдегі ең ірі Байқоңыр ғарыш айлағы ауызға түседі. Бұл орайда Америка Құрама Штаттарындағы ғарыш айлағына жылына 3 миллиондай турист келетіндігін айтуға болатын шығар. Яғни, Байқоңырға неге туристерді тартпасқа деген заңды сұрақ туындайды. Дегенмен, бұл айтуға ғана жеңіл. Біріншіден, Байқоңыр Ресейге жалға берілген. Екіншіден, ғарыш айлағы кіріп-шығуы оңай емес, құпиялылығы басым нысандар қатарына жатады. Рас, облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлының айтуынша тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин ғарышқа жол тартқан алаңды көруге, тіпті, арнайы орыннан спутниктердің ұшырылуын бақылауға болады. Бұл дұрыс. Алайда, ғарыш айлағына баратын жол, ондағы инфрақұрылым сынды мәселелерді тез арада шешу қажет.
Ал, Ақмола облысына келетін болсақ, Бурабай мен Қорғалжын қорығының келген қонақтардың көзайымына айналуы әбден мүмкін. Бұл тұрғыда Бурабай курортты аймағында көптеген игі істердің басы қайтарылды деуге болады. Онда заман талаптарына сай қонақ үйлер, басқа да  қажетті нысандар бар. Көрме кезінде қонақтар бағаға көп мән бере қоймайтын шығар, ал енді қызмет сапасын жақсарта түсу керек. Бұл арада «мен үшін келдің бе?» деген қағидаға орын жоқ. Өкінішке орай, талайды тамсандырған Қорғалжын мемлекеттік қорығына қонақтардың қалай баратындығы белгісіз. Астанадан Қорғалжын ауылына дейінгі жолды көріп шошыған қонақтар, одан әрі қорыққа дейінгі ешқашан асфальт көрмеген көтерме жолды көріп не ойлайтындықтарын пайымдай беріңіз.
Әрине, «ауызды қу шөппен сүртейін» деген ой жоқ. ЭКСПО-ға дайындық барысында көптеген жұмыстар атқарылды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазірдің өзінде 100 шақты мемлекет келуге ынта білдірді. Құрылыс жұмыстары аяқталуға тақау. Мұның бәрі атап өтуге тұрарлық. Алайда, дұрысы ЭКСПО-2017 көрмесін келген қонақтар таңданатындай өткізген соң барып мақтанған дұрыс шығар. Әзірге, айтулы оқиғаға бір жылға жетпейтін уақыт қалды. Дайындығымыз жоғарыдағыдай.

Талғат ҚАСЕН

Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар