Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметтердің мәнді тұсы түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметтердің мәнді тұсы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева облыс активімен кездесу өткізіп, бір топ азаматтарды жеке қабылдады.

Аталмыш шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті, сондай-ақ, азаматтардың прокуратура органдарына деген сенімін арттыру болып табылады. Шара барысында Сәуле Мұханбедианқызы құқықтық статистика органдары қызметінің негізгі бағыты сотталғандығының болуы немесе жоқтығы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер беру, азаматтардың өтініштерінің тіркелуі мен қаралуын, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың есепке алынуы мен тіркелуін бақылау, мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістердің заңдылығын қадағалау болып табылатындығын айта келіп, кәсіпкерлік нысандарының бірыңғай тіркелуінің жобалары, қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы, жол-көлік оқиғасының электронды картасы және комитеттің ақпараттық қызметін қолдануға байланысты басқа да мәселелер жайлы түсініктемелер берді.
Қатысушыларға құжаттарды апостильдеу, тұлғамен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғандығы туралы мәліметтің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, мұрағаттық анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін беру бойынша комитетпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді.
Комитет төрайымы жеке қабылдауда болған азаматтардың қызығушылық танытқан мәселелеріне толыққанды жауап берді.

Жанат СӘБИТОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар