Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орманымыз оталмасыншы - АРҚА АЖАРЫ

Орманымыз оталмасыншы

Орман – ел дәулеті ғана емес, сәулеті де. Табиғат сыйлаған осынау байлықты көздің қарашығындай сақтау, оған аялы көзқарас таныту баршамыздың
міндетіміз. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Біздің инспекция тарапынан биылғы жылдың өзінде облыс аумағындағы 11 орман шаруашылығында, 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, тағы да басқа орман қорын қорғау мемлекеттік мекемелерінде жан-жақты тексеріс жүргізілді. Жыл басынан бері жалпы көлемі 38 текше метрді құрайтын заңсыз ағаш кесудің 14 оқиғасы тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Соның салдарынан келтірілген зиянның көлемі 352200 теңгені құрайды. Орман алкаптарында әкімшілік құқық бұзғаны үшін лауазымды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, 77 құқық бұзушылық хаттамалар толтырылып, 3022426 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Облыс орталығы Көкшетау қаласының айналасында өсіп тұрған ормандар Бұқпа орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің карауына жатады. Қала маңындағы орман алқаптарының ішіндегі санитарлық тазалық көңіл көншітер емес.
Жаз айларында қала маңындағы орман алқаптарында демалушылар өте көп, кейбір демалушылар демалған орындарында қаншама қоқыстарды, пластикалық бос ыдыстарды қалдырып кетеді. Осы орайда, Бұқпа орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің орманшылары тынымсыз еңбек етуде, орманды оттан қорғау, тазалығын қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын қаншама лауазымды және жеке тұлғаларға орманда санитарлық, өрт ережелерін сақтамағандары үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынады, өкінішке орай, бұл жағдай әр жыл сайын қайталанады.
Жасыл желекті байлығымыз орманды сақтау, таза ұстау, тек қана мемлекеттік органдардың атсалысуымен ғана шешілмесі белгілі. Оған барша халық болып атсалысқан жөн. Сұлу Көкше өңірінің қайталанбас табиғат мүйістері, еліміздің басты байлығы, баршамыздың ортақ мақтанышымыз болып табылады. Ендеше, осынау асыл қазынаны көздің қарашығындай қорғау әр азаматтың ортақ парызы саналса керек. Орманды сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз.

Назымбек ҚАБЫЛОВ,
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар