Кәсіпкерлерге келелі кеңес берілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің қолдауымен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының өкілі инновациялық гранттарды алуға берілген өтінімнің сапасын жақсарту бағытында семинар-тренинг өткізді.

Шараға қала мен аудан әкімдіктері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыс бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, ғылыми зерттеу институты, жоғары оқу орындары мен инновацияға бағытталған кәсіпорындардың өкілдері, өнертапқыштар қатысты. Қатысушыларға «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының жаттықтырушы маманы Ұлдай Жаркенова инновацияның түрлері, басымдық бағыттар, иновациялық гранттың түрлері, өтінім қарау тәртібін жан-жақты түсіндірді.
Семинардағы басты назар жиі кездесетін қателіктер және оларды әлемдік тәжірибе негізінде қалай болдырмау керектігіне, кеңес берудің тәжірибесі мен өтінім қарауға аударылды. Бұдан кейін жаттықтырушы қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат тапсырылды.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар