Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлыларды ұлықтаған ұлағатты шара - АРҚА АЖАРЫ

Ұлыларды ұлықтаған ұлағатты шара

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде үш инновациялық жобаның тұсаукесері өтті. Жиналған жұртшылық Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен еңбек жолы, қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісі және тәуелсіз Қазақстанның ақша белгілерінің тарихы жобаларымен танысты.

 

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаеваның айтуынша, ел тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған мәдени  шаралар 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында өткізілмек. Тарихи-өлкетану музейінде өткізіліп отырған бұл шара сол үш айлық бағдарламаның бастауы болып табылады. Тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуов музей ұйымдастырған инновациялық жобалардың маңыздылығын айта келе, әсіресе  туғанына 150 жыл толып отырған алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен еңбегін жас ұрпаққа насихаттайтын алғашқы жобаның маңызына тоқталды. Биыл сондай-ақ, Алаш қозғалысына 100 жыл  толады. Қазақ халқының тәуелсіз ел болуын армандап, бар өмірін соған арнаған Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сияқты ұлтымыздың ардақты ұлдарының асыл арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Бүгінгі жастар қазақ автономиясын құруға талпынып, сол жолда үлкен еңбек сіңірген Алаштың ардақтыларын біліп өсуі қажет.
Музей ұйымдастырған инновациялық тағы бір жоба – қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісі. Әр жылдарда музейге жұрт тапсырған өткен ғасырлардағы ұлттық киімдер аз емес екен. Музей қызметкерлері киіп шыққан бұл киім үлгілерінің әсемдігі мен тартымдылығы өз алдына, қымбат және таза табиғи материалдан тігілгендігімен де ерекшеленеді. Алтын жалатқан жібек жіппен әдіптелген әйелдер камзолы өткен ғасырда тігілсе де әлі күнге өңін бермеген. Кеңес заманында атейстік түсінік үстемдік етіп тұрған кезде мешіт жамағатына арнап тігілген зерлі шапан, Петропавл қаласында тұрған көпестің әйелінің сәнді көйлегі, әжелер киетін кимешек пен қамзол – бәрі де шебер қолдан шыққан тартымды өнер туындылары.
Шараға жиналған жұртшылық  еліміздің тәуелсіздігінің айшықты белгісі іспетті алғашқы ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихынан сыр шертетін мұрғағаттармен де танысты. 1993 жылдың қараша айында айналысқа енген тұңғыш ұлттық валютамыздың дизайнын жасаған авторлары мен банкноттар туралы жан-жақты әңгімеленді. Бір, үш, бес, он, жиырма, елу және жүз теңгелік алғашқы банкноттарда Әбунәсір әл Фараби, Сүйінбай, Жамбыл, Шоқан, Абай, Әбілхайыр және Абылай хандардың портреттері болғаны белгілі. Бүгінгі күні айналыстан алынған бұл банкноттар қазір музей мұрағаты ретінде тарихымыздан сыр шертеді.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мәдениет басқармасы ұйымдастырған мәдени-тарихи
шаралар желтоқсанның 15-не дейін созылмақ.

Қалкөз ЖҮСІП.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар