«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы облыстық білім басқармасы және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауын ұйымдастырды.

Аталмыш байқау «Мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті, тарихты және «Ұрпақ+» мәдени-білім беру бағдарламасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» атты әлеуметтік маңызы бар жоба аясында қолға алынып отыр.
Мемлекеттік тілдің көркемдік ерекшелігі мен бай сөз қорын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетімізге, тарихымызға  өзге ұлт өкілдерінің ықыласын, үйренуге деген ынтасын арттыру, еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 12 мен 15 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатысты.
Жиырмадан астам оқушы бақ сынасқан байқау  қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақкөл ауданының намысын қорғаған  Александра Белова жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды целиноградтық Ангелина Клейн және зеренділік Нелли Меркер иеленді. Ал, атбасарлық Севара Рейпназарова, сандықтаулық Дана Нурланхметова және Жақсы ауданынан келген Николай Шлямнев үшінші орынды қанағат тұтты.
Ұйымдастырушылар алқасы байқау жүлдегерлері мен басқа да қатысушыларын дипломдармен және Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар
табыс етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар