От жалыннан жасқанбайтын өрендер ант берді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен биыл Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен бір топ курсанттардың ант беру рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов,  Ақмола және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, курсанттардың туыстары мен жақындары келді.

Биыл техникалық институттың бірінші курсына 175 жас ұлан қабылданып, үздік деп танылған 37 курсант Ресей және Беларусь елдеріне білім алуға жіберілді. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызметтері мен азаматтық қорғаныс академиясын ойдағыдай тәмамдаған офицерлер қазір Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сан салада әр түрлі лауазымда қызмет етіп жүр.
Бұл жолы Көкшетау техникалық институтында білім алатын 138 курсант  салтанатты жағдайда өздеріне жүктелген міндетті аса құрметпен орындауға, Қазақстан Республикасының еркіндігін, тәуелсіздігін және конституциялық құрылымын ерлікпен қорғауға ант берді. Шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, курсанттарға ақ жол тілеп, еліне адал қызмет атқаруға тілектестігін білдірді.
– Биылғы ел тәуелсіздігінің 25 жыл-
дығымен тұспа-тұс келіп отырған ант қабылдау рәсімінің маңызы зор. Аталмыш білім ордасы республика аумағының жоғары оқу орындарымен бірге әркез шет елдегі әріптестерімен де іскерлік  байланыс орнатуда. Кәсіби шеберлікті жетілдіріп, өртке қарсы қызметтің тарихы мен дәстүрін жалғастыра отырып, курсанттар мәртебесіне нұқсан келтірмей, абыроймен оқып, қызмет атқаратындарыңызға сенім зор, – деді Юрий Ильин.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов және Көкшетау техникалық институт басшысы, техника ғылымдарының докторы, өртке қарсы қызмет полковнигі Сырым Шәріпханов та жүрекжарды лебіздерін арнады. Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман-кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Бүгін салтанатты түрде ант қабылдаған курсанттар төрт жылдан кейін еліміздің кез келген жерінде қызметке алынып, саланың дамуына өзіндік үлесін қосатын болады.

Аслан ОСПАНОВ.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар