Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл жанашырлары марапатталды - АРҚА АЖАРЫ

Тіл жанашырлары марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының үшінші  жексенбісі Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мерекеге арналған салтанатты шара өткізді.

  Еліміздің Әнұранымен басталған бас қосуда облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі. Тәуелсіздігіміздің нәтижесінде мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілін оқыту, қолдану аясын кеңейту бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 64 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Балаларын қазақ мектептеріне беріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің көбеюі мемлекеттік тілге деген жұртшылықтың сенімінің артқанын айғақтайды.
Бұдан кейін мемлекеттік тілді дамытуға үлесін қосқан тіл жанашырларын облыс әкімінің, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Тіл және мәдениет» қоғамының, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапаттау салтанаты болды. Марапатталғандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, бизнес өкілдері, студенттер бар.
Тіл мерекесіне арналған салтанатты шараның соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар