Интернеттің желісі – оралымды істердің өрісі

Қазіргі заманда ақпараттық технологияларды барлық жерлерде енгізу және мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелердің даму деңгейі тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу амалдары мен тетіктерін жаңартуға мүмкіндік береді. Соның ішінде Интернет желіде онлайн режимінде пайдаланушының мемлекеттік қызметтерге мүмкіндікті қамтамасыз ету («электрондық үкімет» портал арқылы) қарастырылған.

Электрондық қызметтердің негізгі принципі – көрсетілетін қызметті алушының «электрондық порталға» жүгіну  және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерге электрондық өтінішті құрастыруы және мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажет. Мысалға, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар немесе туу/неке тіркеу фактілері туралы мәліметтер және басқа, бұл ретте «электрондық үкімет» порталына қолайлы уақытында жүгінуге болады. Көрсетілетін қызметті  алушы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді  ресімдеген кезде әртүрлі анықтамаларды жинаудан және оларды алу үшін инстанциялар бойынша қосымша жүруден босатылады.
Осы уақытта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушылар келесі мемлекеттік қызметтерді алуына жүгіну құқығы заңнамада көзделген: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, жұмысынан айырылу жағдайына, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар.
Жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық өтінім бойынша өтініш беріледі. Аталған функция әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға және жеке электрондық-сандық қол қоюға құқығы бар барлық интернет пайдаланушыларға  рұқсат етілген.
Мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұраным жасау үшін электрондық үкіметтің порталы сайтына www.egov.kz  сілтеме бойынша кіру қажет. Әрі қарай, жеке ЖСН қолданып, пайдаланушының жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылады. Кейін, қызмет көрсету тарауын таңдау терезесінде «Әлеуметтік қамсыздандыру», «Отбасы»  тармағы таңдалады және әрі қарай қадам-қадаммен барлық қажетті амалдар орындалады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолданған электрондық өтінішті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қабылдаған кезде, өтініш берушіге қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы хабарлама  жолданады.   
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді веб-портал арқылы алудың артықшылығы: уәкілетті органдар бо-йынша құжаттарды жинау қажетсіздігі, кезектердің болмауы, аптаның кез келген күні тәулік бойы ыңғайлы уақытта электрондық өтініш  беру мүмкіндігі болып табылады.
Гүлдарай БИНИЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы
бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар