Тәуелсіздік елдің анасы

Көкшетау мәдениет сарайында егемендігіміздің 25 жылдығына орай   тәуелсіздікпен құрдас жас аналар арасында «Тәуелсіз елдің анасымын» атты байқау ұйымдастырылды.

Аталмыш байқаудың мақсаты   ел  тәуелсіздігімен құрдас жас аналардың салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды қаншалықты деңгейде игергендіктерін бағымдау. Байқау  төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар бір жарым минуттық бейне слайд  арқылы өздерін таныстырып, өмірлері жайында қысқаша баяндап берді.  
Содан соң,  «Ой маржан» бөлімінде олар ұяшықтағы сандарды  таңдап,  тарих, әдебиет, мәдениет салалары қамтылған сауалдарға жауап берді. Бұл бөлімде аналардың интеллектуалдық деңгейін анықтау басты міндет.  «Жаңа заман анасы» атты үшінші кезеңде әр ана өзінің киім үлгісін  түрлі әшекей бұйымдар мен көйлектерін әсем етіп безендірді. Төртінші кезеңде  келіндер қайын енесінен не үйренгендерін ортаға салды. Келіндер қазақ халқының ұлттық тағамдарын әзірлеудегі шеберліктерін көрсетті.  Әрі ежелден сақталған құрақ көрпе тігу дәстүрін жаңдандырып жатқан келіндер де бар екен.    
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Айнұр Төлебаеваға бұйырды.  Ал, бірінші орынды  Гүлмира Сәдуова  жеңіп алса, екінші орын Анар Нұрахметоваға тиді. Үшінші орынға  Назгүл Зейнуллина лайық деп танылды. Байқаудың  «Көрікті анасы» аталымын Әсел Жаңабекова, «Парасатты ана» аталымын  даналығымен көзге түскен Айнагүл Жандаева   иеленді. «Мейірімді ана»  аталымы Шолпан Бәйпешке берілді. Байқаудың «Сымбатты анасы» Күмісай Қожағұлова болса, «Пысық ана»    Алена Грот атанды. Және «Өнерлі ана» аталымына  Ләйлә Мәкішева  лайықты болды.  Байқауда  көрермендер өзіне ұнаған қатысушыға  Instagram  желісі бойынша дауыс берді. Ең көп дауыс жинаған Айнагүл Жандаева  «Көрермен көзайымы» атанды. Байқау соңында барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар