«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Кездесеміз, талқылаймыз, шешім қабылдаймыз» акциясы аясында Көкшетау қаласының № 18 орта мектебінде көшпелі қабылдау өткізді.
Көшпелі қабылдауда облыстық мәслихаттың депутаты Геннадий Осиненко және Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржанов қала тұрғындарымен жүздесіп, олардың қойған сауалдарын тыңдады. Зейнеткер Алтыншаш Бекешова Юбилейный шағын ауданында ауланы көркейту және тұрғын үй бағдарламасы бойынша жаңалауды сұраса, қала тұрғыны Жантемір Әлиев Жұмабек Тәшенов атындағы көшеде биылғы жылғы мол жауған жаңбырдың салдарынан үйлердің жертөлелерін су басып қалғандығын және көшеге тротуар жасау жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Шара соңында халық қалаулылары қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен сұрақтар бойынша заңды тұрғыда жұмыс жүргізілетініне уәде берді.
Назгүл РАБИЛОВА.