Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы мен облыстық конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы бірілесіп, «Жастар – терроризмге қарсы» атты веложарыс ұйымдастырды.
Жастар арасында кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу мақсатында өткізілген спорттық шараға Көкшетау қаласының белсенді жастары қатысты. Облыс орталығындағы тутұғырдан бастап жарысқа қатысушылар Абай көшесінің бойымен Тәуелсіздік алаңына дейін жүріп өтті.
Жиналған жастардың киген спорттық жейделері мен қолдарына ұстаған плакаттары арқылы олардың терроризм мен экстремизмге қарсы екендіктерін байқауға болады. Веложарыстың соңында Көкшетау жастары Степногорск қаласының жастарына эстафетаны тапсырды.
Назгүл РАБИЛОВА.