Қоғам дамуының көш басында

«Достар» мәдениет үйінде облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдиннің төрағалық етуімен «Тәуелсіздікке 25 жыл. Мәслихаттар мен Қоғамдық кеңестердің Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі» тақырыбында әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумы өткізілді. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков, бірқатар департаменттердің басшылары мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық және аудандық Қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты.

– Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, мықты егемен мемлекетті құру жолын таңдаған болатын, – деп өз сөзін бастаған облыстық мәслихаттың хатшысы осы жылдар ішінде ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенімізді, бұл іске жергілікті өкілетті органдардың айтарлықтай үлес қосып келе жатқандығын атап өтті.
Әкімдіктер мен мәслихаттардың бірлесіп жемісті жұмыс істеуінің нәтижесінде облысымызда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты динамикасы қамтамасыз етіліп, өңіріміз ірі аграрлық және индустриялдық орталыққа айналды. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен бөлшек сауда көлемінің өсімі бойынша облысымыз республикамыздың басқа аймақтарының арасында көш бастап келе жатса, өнеркәсіп өндірісі мен тұрғын үйлерді салу бойынша екінші орында келеді. Жыл басынан бері облысымызда 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Егер 2010 жылы облыс бюджетінің көлемі 107 миллиард теңгені құраса, бүгінгі таңда 180 миллиард теңге болып отыр. Облыс депутаттары ортақ мақсаттарға қол жеткізуге өздерінің сүбелі үлестерін қоса отырып, өзекті, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді де назардан тыс қалдырмауда. Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестермен 180 отырыс өткізіліп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көптеген мәселелер қаралды.
Форум барысында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков жергілікті бюджеттердің қалыптасу практикасын тілге тиек етсе, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы Қуаныш Жапақов тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуы жайлы айтты.   
Өз кезегінде сөз сөйлеген облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский, Ақмола облысы бо-йынша тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин, Ақкөл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Валерий Симчук Қазақстанның бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы, Қоғамдық кеңестердің қызметі жайлы ойларын ортаға салды.
Форум соңында барлық деңгейдегі депутаттар мәслихаттар мен Қоғамдық кеңестердің атынан облыс тұрғындарына үндеу қабылдады.

Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар