«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Көкшетау қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.
Бұл шараға бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Партия өкілдері аталмыш шараның маңыздылығы, бала тәрбиелеуде ата-аналарға психологиялық қолдау мен көмектің аса қажеттілігі жайлы айта келіп, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің хатын оқып берді.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева бұл шаралар отбасының мәртебесін көтеруге, балалар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынаста үйлесімділікті орнатуға, отбасылық құндылықтардың сақталуына бағытталғандығын атап өтті.
Тәжірибелі психологтар ата-аналармен әңгімелесуі кезінде балаларды тәрбиелеудегі проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын айтты. Көптеген ата-аналарды оқу процесі кезінде балаларда туындайтын қиыншылықтар толғандырады. Сондай-ақ, шара барысында мектептегі оқытуға баланың бейімделуі жайлы толығырақ мәлімет беріліп, балалардың өзін-өзі бағалауын арттыруға қалай ықпал ету керектігі, тиімді тәсілдері түсіндірілді.
Психолог мамандардың пікірінше, балалардың жақсы мінез-құлқы тығыз қарым-қатынассыз, әр отбасы мен мектептің, ұстаздардың арасындағы өзара қызығушылық пен сенімсіз мүмкін емес.
Жанат КӨШЕЙ.