Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2034 өтініш келіп түскен - АРҚА АЖАРЫ

2034 өтініш келіп түскен

Қазақстан Республикасында мүлікті, ақшаны, құнды қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін жария ету науқаны аяқталуға жақын. Заңнамаға сәйкес жария ету мерзімі – 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

Жүргізіліп отырған науқанға аса қолайлы әрі тартымды жағдай жасау мақсатында 2015 жылдың 13 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №400-V Заңы қабылданып, оған сәйкес мүлікті жария етуді жүзеге асыру рәсімдерінде жаңа тәсілдер айқындалған және салық органдарымен өзара қарым-қатынастарды реттеуге және болашақта пайда болуы мүмкін талаптардың алдын алуға мүмкіндік беретін, жария ету субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізілген.
Мысалға, жария ету субъектілері үшін кепілдіктерге қатысты жария ету кезінде алынған ақпараттың қылмыстық іс бойынша дәлел болу мүмкіндігін алып тастау, салық заңнамасына мүлікті жария ету кезінде салық төлеуші хақында мемлекеттік кірістер органдарымен алынған ақпараттың берілуіне тыйым салу жөніндегі норманы енгізу, жария етілген мүліктің тәркіленуіне тыйым салу нормасын қолданысқа енгізу қарастырылған.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, комиссия мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай мәліметтер мен ақпараттарды көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде, сонымен қатар өздері жұмыстан шығарылғаннан кейін де таратуға құқысы жоқ. Тұлғаға және мемлекетке қарсы қылмыс жасау барысында алынған мүлік жария етуге жатпайды. Аталған Заңға сәйкес аудандардың, қалалардың әкімдіктерімен комиссия құрылып, азаматтардан өтініштерді қабылдау пункттерінің орналасатын жері анықталған және қажетті ақпараттарға арналған стендтер рәсімделіп отыр.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті аудандық (қалалық) әкімдіктердің жанындағы комиссияға жария ету субъектілердің өтініші, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері, нысанның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігіне аттестаттаудан өткендігі жөнінде ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тексерісін жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын, жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын тапсыруы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш комиссиямен өтініш берілген күннен
бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, облыс бойынша науқан басынан бастап ағымдағы жылдың 8 айында жалпы сомасы 16447,9  миллион теңгеге 2034 өтініш келіп түскен, оның ішінде тұрғын үй нысандарынан 1359, тұрғын үйге жатпайтын нысандардан 2477 өтініш түскен. Қабылданған өтініштер бойынша көш басында Целиноград ауданы келеді – 954 өтініш, Көкшетау қаласы – 343, Бурабай ауданы – 273 өтініш.
1419 өтініш бойынша жалпы сомасы 10 871,9 миллион теңгеге мүлікті жария ету туралы шешім қабылданды, оның ішінде тұрғын үй нысандары  – 971, тұрғын үйге жатпайтын нысандар – 1837.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ағымдағы жылдың 1 тамызына дейінгі мәліметіне сәйкес  ақшаны жария ету бойынша 2 миллиард теңгеден артық сомаға 27 банктік шот  ашылды. Банкте шот ашпай, мемлекеттік кіріс органдарына жалпы сомасы 200 миллион теңгеге жуық 11 арнайы декларация ұсынылды.

Айша ЖАНӘДІЛОВА,                                                             
облыстық қаржы  басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар