Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тәуелсіздікке 25 жыл. Мәслихаттар мен Қоғамдық кеңестердің тәуелсіз Қазақстанды дамытудағы рөлі» форумына қатысушылардың облыс тұрғындарына ҮНДЕУІ - АРҚА АЖАРЫ

«Тәуелсіздікке 25 жыл. Мәслихаттар мен Қоғамдық кеңестердің тәуелсіз Қазақстанды дамытудағы рөлі» форумына қатысушылардың облыс тұрғындарына ҮНДЕУІ

Құрметті жерлестер!
Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойына арналып, ұйымдастырылған Форум мүшелері – облыстың депутаттық корпусы мен Қоғамдық кеңестері, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері еліміздегі бейбітшілік, отбасындағы береке-бірлік пен балаларымыздың жарқын болашағы  үшін жүргізіп отырған  саясатты қолдайтынын жеткізеді.
Өткен 25 жыл – біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қуатты елге айналып отырған Қазақстан азаматтары үшін аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ. Әлемдегі қауіпсіздікті сақтау үшін барлық адамзатты бейбіт келісімге, даналыққа шақырамыз!
Қайта жайлаған әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды болмақ. Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтай отырып, аса жауапкершілікпен бірлесіп жұмыс жасап, еліміздің одан әрі дамып, гүлденуі үшін аянбай еңбек етейік.

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Бізді, Форум қатысушыларын – түрлі деңгейдегі Қоғамдық кеңес пен облыстың депутаттық корпусы, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерін – Отанымыздың болашағы үшін жауапкершілік пен елімізді одан да күштірек етуге деген құштарлық біріктіреді.
Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігіне
25 жыл – мемлекетіміздің қалыптасу тарихында алдағы болатын оқиғалардың өзектілігін айрықша атай келе – біз аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын белгілейміз, оның шешімі Қазақстан Республикасының дамуы мен гүлденуіне мәслихаттар мен Қоғамдық кеңестердің үлесін түсінуге бағытталған.  Біздің көп ұлтты еліміздің халықаралық беделінің өсуіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  Елбасымыздың ұстанған бағытын қолдаймыз. Біз басты құндылық адам, оның құқықтары мен бостандығы болып табылатын демократиялық мемлекет ретінде республиканың дамуының жалпы ұстанымын растаймыз. Біз үшін азаматтардың мүдделерін сақтау принципі аса маңызды болып қала береді, сондықтан, біздің әрқайсысымыз  оны сақтауға, бастамашыл, құзырлы және бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға тиіспіз.  
Осы мақсаттарда біз өңіріміздің экономикасын дамытудың тұрақты өсуі үшін өз жауапкершілігімізді арттыруға тиісті шаралар қолдануымыз тиіс. Қазір  жаңа тарихи кезең басталғанда, елімізде ауқымды жаңғырту мен президенттік реформаларды тәжірибе жүзінде іске асыру басталды, бұған кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет.  
Біз атқарушы органдар мен барлық азаматтық қоғам институттары арасында қарым-қатынастың жаңа моделін қалыптастыруда алға бастық. Қоғамның мүддесі бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуы келісілген шешімдер қабылдауға, дау-жанжалдарды жеңуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде мәслихаттардың күш-жігері жергілікті басқарудың барлық құрылымдарының жұмыстарын үйлестіруге, дамытудың өңірлік бағдарламалары мен бюджетті іске асырудың қоғамдық аудитін қамтамасыз етуге бағытталады.  
Біздің міндетіміз жергілікті жерлерде – өңірлердің проблемалары туралы ақпаратты анықтау, зерделеу, тұжырымдау, өйткені, әр проблеманың артында бізге сенген, бізбен өздерінің армандары мен үміттерін байланыстырған қарапайым адамдар тұр.  
Ақмолалықтар үнемі депутаттық корпустың қамқорлығын сезінуі тиіс.  Облыста түрлі деңгейдегі  276 депутат бар, егерде әрқайсысы шын мәнінде сайлаушылардың мүдделерін қорғаса, онда кез-келген міндет пен проблема оңай шешіледі.  Депутаттардың қызметтері мен нақты шешімдер қабылдау туралы халықты кеңінен ақпараттандыру арқылы мәслихаттардағы атқарылған жұмыстар,
аудандар мен қалаларда депутаттық постардың қызметі  өңірлерде әлеуметтік-экономикалық саясатқа әсер етудің басты құралдарының бірі, сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асырудың берік тетігі.  Бүгінгі күні бәрі өзімізге байланысты.  
Бізге тәуелсіз Қазақстанның жаңа тари-хының бір бөлігі болуға үлкен жауапкершілік жүктелді, оның Көшбасшысы болу біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.  
Біз жетістіктерімізді тек бірлік пен жұмылуды нығайта түсу арқылы қорғай аламыз, кез-келген экономикалық тосқауылды жеңеміз, Отанымызды дамудың жаңа белестеріне шығарамыз! Осыған орай, біз, Форумға қатысушылар барлық ақмолалықтарды төзімділік идеясы мен жалпы ұлттық келісімді қолдауға шақырамыз, біздің Отанымыз – Қазақстанның «Мәңгілік Ел» жоспарын іске асыруы мен жасампаздығы үшін бірігуіміз керек!

Құрметті ақмолалықтар!
Өткен жылдар ішінде қазақстандықтар республикамыздың экономикасын және әлеуметтік саласын нығайтуда, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және халықтың әл-ауқатын арттыруда бүгінгі күні белсенді жұмыс атқарылып келе жатқан тұрақты іргетасты қалады. Мемлекетіміз қол жеткізген табыстарда ақмолалықтардың да үлесі зор. Облысымызда экономика дамып, әлеуметтік проблемалар оң шешімдерін тауып, сол арқылы ішкі саяси тұрақтылық нығая түсуде. Бірлік пен тыныштық сияқты жалпы азаматтық құндылықтарды сақтап, еліміздің болашағы үшін аға ұрпақтың жинаған мұрасын өміршең етуді біз тек жастармен бірге жүзеге асыра аламыз.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы Отанымыз, келер ұрпақ және тарих игілігі үшін ортақ мақсаттарға жетуде әрқашан күш-қуат пен сенімділік беріп, мемлекетіміздің егемендігі мен аймағымыздың сәтті дамуы сіздердің жетістіктеріңіз бен гүлденулеріңіздің сенімді кепілі болсын!  
Әрбір бастамаларыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілейміз! Республикамызда бейбітшілік пен гүлдену, әр үйде татулық пен амандық орнасын!

Көкшетау қаласы.
19 қыркүйек,  2016  жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар