Достықтың құтты ордасы

Ежелден  дана халқымыз бірлік пен татулыққа баса мән берген.  Халық даналығындағы «Бірлік  түбі – береке» атты аталы сөздің бүгінгі таңда да маңызы зор. Кезінде қазақ халқы  жерімізге қоныстанған өзге ұлт өкілдерін бауырына басты, қолындағы барымен бөлісті. Бүгінде олар тәуелсіз еліміздің дамуына  өздерінің сүбелі үлестерін қосуда.

Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі татулық пен бірлік. Сол себепті, жер-жерде осы бірліктің символы ретінде Достық үйлері ашылып, жұмыс істеуде. Осындай Достық және шығармашылық үйі Степногорск қаласында 2005 жылы мамырдың 1-і күні ашылды. Достық үйі маңызды шараларды өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге, әр түрлі этнос пен мәдениет өкілдері күнделікті жұмыс істейтін құтты мекен. Содан бері  қаламыздағы этномәдени бірлестіктер бір-бірімен тығыз араласып, кездесе  бастады.
Бүгінгі күні біздің мекеме 5 этно-мәдени бірлестікті біріктіреді. Олар – әзербайжандардың «Хазар», немістердің «Sattelite», поляктардың «Полония»,  татар-башқұрттардың «Юлдаш», орыстардың «Русская община» этномәдени бірлестіктері. Барлығы жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясы күні кең ауқымды шаралар өткізіп, ұлтаралық келісімді нығайтуға барынша үлес қосып келеді. Биыл да осы атаулы мерекеде көрме ұйымдастырылып, оған елімізде тұратын этностардың  өмір салтын көрсететін  200-ге тарта қолөнер бұйымдары  қойылды.
Бұған қоса, Достық және шығарма-шылық үйі ашылғаннан бастап
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өту игі дәстүрге айналған. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Әжелер және немерелер» сайысын ұйымдастырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға негіз болуда. Ал, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы  ерекше салтанатпен аталып өтеді. Орталық алаңда қаз-қатар ақ  шаңқай киіз үйлер тігіліп,  ұлттық тағамдар қойылған ақ дастархан жайылады. Береке мен шаттықтың, молшылық пен бірліктің нышанына айналған бұл күні қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталады. Достық үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы Жеңіс мейрамы, Астана, Қазақстан Республикасы Конституциясының күндері, Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республика-сының Тәуелсіздігі сияқты мерекелерге
арналған салтанатты шаралар өткізіледі.
Мұндағы негізгі мақсат әр ұлттың  салт-дәстүрі арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Осы ретте, Достық және шығармашылық үйі мен этномәдени бірлестіктер  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының 18 балалар ұйымымен тығыз жұмыс істейді. Жастар ұйымдарымен келелі мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу де дәстүрімізге берік енген. Оған қоса,  мекеме ішінде  мемлекеттік тілді оқытатын үйірме, жас ақындар клубы, қос тілдегі пікірталас орталығы бар. Ардагерлерге арналған «Нәзік» және «Степногорочка»,  «Ақ босаға» жас отбасылар клубы да степногорлықтарға кеңінен танымал.Біздің Достық үйі алда да осындай игі істердің жаршысы бола беретіні айдан анық.

                        Галина МАРИНИЧЕВА,
Достық және шығармашылық үйінің директоры.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар