Менің ізгі тілегім

Мен өз Отанымды жақсы көремін. Кең жазиралы дала, орман-тоғай, өзендер мен көлдер – туған жерімнің осындай тамаша табиғаты мен үшін  мақтаныш.

 

Менің ұлтым орыс, бірақ ата-анам мені қазақ сыныбына оқуға берді. Өзің тұратын елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін білу үшін ең алдымен, оның тілін үйренуің керек деп санайды олар. Мен мектепте қазақ тілін, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өнерін оқып, үйреніп жатырмын. Достарымның көбі қазақ балалары. Біз мектепте қазақша сөйлесеміз. Хорда қазақ әндерін шырқаймыз.
Мен қазақ әдебиетінен қазақтың ертегілерін, аңыз әңгімелерін, батылар жырларын оқып, көп мағлұмат алдым. Ата-анама да осы ертегілерді айтып беремін. Оларға да бұл  қызық. Мен туып-өскен Көкшетау қаласы Бұқпа тауының баурайында, Қопа көлінің жағасында орналасқан. Табиғаты көркем. Жасыл желекті  көшелерімен жүргенде өзіңді саябақтың ішінде келе жатқандай сезінесің. Қаламыз жыл сайын сәнді, сәулетті, әсем ғимараттармен тез көркейіп келеді. Осындай қалада қазақ, орыс, неміс демей, бәріміз тату-тәтті тұрып жатырмыз. Менің ойымша, мұның бәрі өте жақсы.
Сондықтан, ешқашан  аспанымызды бұлт торламасын, елімізде әрдайым тыныштық болып, халқымыз осылай тату-тәтті өмір сүре берсін деп тілеймін. Бұл – менің ең ізгі бала ниетім!
Юрий КОЧЕТЫГОВ,                         
М.Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын №3 кәсіби мектеп-гимназиясының 7 «а»сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар