Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үлгілі отбасылар – ортамыздың қуанышы - АРҚА АЖАРЫ

Үлгілі отбасылар – ортамыздың қуанышы

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Еңбек күніне арналған «Еңбек әулеттері – еліміздің тірегі» атты салтанатты кеш болып өтті.

Мерекелік шараға еліміздің өсіп-өркендеуіне адал еңбегімен зор үлес қосып жүрген  еңбек әулеттері қатысты. Олардың қатарында Ғалымжановтар, Қабыловтар, Копытовтар,  Ващенколар,  Бакубаевтар,  Макарычевтар,  Ивановтар және   Кононенколар отбасылары бар.  Жиналған қауымға әр қатысушы өз әулетінің еңбек жолын таныстырды.  
Қабыловтар отбасының мүшелері  «Алтынтау» АҚ-да көп жылдар бойы еңбек етуде. Кездесуге қатысқан Қайыркен әжеміз  басынан өткен оқиғаларды баяндап, бұл кәсіптің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын әңгімелеп берді. Қайыркен әже қазіргі кезде зейнеткер болса, келіні енесінің ісін әрі жалғастыруда. Ақ жаулықты ананың «алтын зауытындағы алтын келінім» деп келінін ерекше  еркелетіп атайтыны да көптің көңілінен шықты.  
Сонымен қатар, «Алтынтау» АҚ-да еңбек ететін  Ващенко және  Бакубаевтар отбасылары да осы кешке құрметті қонақ ретінде қатысып,  өз өнерлерін ортаға салды.
Қазақстан теміржолы саласында қырық жылдай еңбек еткен Мәжит Ғалымжанов аталмыш шараға немерелерін де ерте келіп,  кештің  ажарын ашты. Мәжит Шахманұлы өз тәжірибесін тілге тиек етіп,  ұлағатты ойларын ортаға салып, кешті тамашалап отырған ұл-қыздарға өнеге бола білді. Ал, Копытовтар әулетінің  отағасы  Сергей Владимирович  болса, отыз жылдан бері ауыр атлетикамен үзбей айналысып келеді. Сонымен қатар, ол соңынан ерген екі ұлын да осы спорт түріне баулып, оларды халықаралық деңгейдегі ауыр атлетика шеберлері етіп тәрбиеледі. Бүгінгі таңда С.В.Копытов «Бурабай» спорт сарайының директоры болып қызмет атқарады.  
«Қазақтелеком» АҚ-ның атынан сынға түскен Макарычевтардың отбасы да өзгелерден өнерімен кем түспеді. Бір қызығы бұл отбасының өздері ғана емес, құдай қосқан құдалары да, осы сала қызметкерлері екен.                   
Егеменді еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз білеміз. Ұлағатты ұстаздар Ивановтар отбасы да осы кештің ерекше қонағы болды. Надежда Николаевна жолдасымен бірге Көкшетау қаласындағы № 4 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.  Өмірлерінің жиырма жылын осы салаға арнаған Ивановтардың да өмір жолдары көпке өнеге. Ал, Кононенколардың отбасы болса, ауыл шаруашылығы саласында 20 жылдай еңбек етіп келеді екен. Мәдени шара соңында кеш қонақтары Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар