Құлық болса, қазақ тілінде сөйлеу қиын емес

Қазақстан халқы тілдері күніне орай, облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасында  осы салада еңбек ететін өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты байқау болып өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, мемлекеттік тіл саясатын мұрағат ісі саласында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың шарты бойынша өзге ұлт өкілдері өздерін таныстырып, қазақтың ауыз әдебиетінен үзінді оқып, мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Сондай-ақ, тапсырмаға сәйкес мемлекеттік тілде берілген сөйлемдер мен сөз тіркестерін ресми тілге аударып, қазақша ән айтып, қазақ тілі туралы өлеңдер оқыды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Елена Сорокина үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды. Ал, облыстық мұрағат және құжаттамалар басқармасының іс жүргізуші маманы Екатерина Скоковская екінші орынды қанағат тұтты. Сол сияқты, облыстық мұрағат және құжаттамалар басқармасының ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі және мұрағатшы Ольга Полеткина мен Татьяна Лушина,  Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатының кадрлар бо-йынша инспекторы Татьяна Спиридонова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар