Жөндеу көрмеген жолдар жөнделді

Шаңтөбе кентінде жол жөндеу жұмысы жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып, жергілікті тұрғындарды қуанышқа бөледі.

Қазіргі кезде адамдардың қолайлы жағдайда өмір сүру мәселелерінде жөні түзу инфрақұрылымсыз алға жылжу мүмкін емес. Бұрын Шаңтөбе кенті тікелей Мәскеуге қарап, барлық жағдай жасалатын. Сол кезде қазіргі тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық нысандар мен жолдар салынды. Уақыт өте келе олардың басым дені тозды. Айталық елді мекен жолдары 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген екен. Биыл осы жұмыстың белсенді түрде қолға алынғаны кент тұрғындары үшін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына нағыз сыйлық болғаны даусыз. Облыс әкімі Сергей Кулагиннің тікелей тапсырмасымен елді мекен ішіндегі жолдарға 5903,2 шаршы метр асфальт төселді. Бұл жұмыстар «Көкшетау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен атқарылды.
Облыстық ішкі саясат басқармасы
жанындағы өңірлік коммуникация қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар