Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерді тиімді пайдалану мәселесі оңтайлы шешілсе - АРҚА АЖАРЫ

Жерді тиімді пайдалану мәселесі оңтайлы шешілсе

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жер ресурстарын тиімді пайдалану қажеттілігін әрдайым айтып отырады. Бұл өте маңызды мәселені шешудің жолдары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалып, оның 35 және 36 қадамдары ауыл шаруашылығы жерлерін нарықтық айналымға жіберу және жер телімдерін пайдалану мақсаттарын өзгерту жайын жеңілдетуге арналған.
Елбасы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде жер телімдерін түгендеу барысында еліміз бойынша 9 мың гектар жер пайдаланылусыз жатқандығы белгілі болғандығын айтты. Ол өз сөзінде Қазақстанда жерге деген меншіктің екі түрі ғана – жалға алу мен нақты жекешелендіру бар екендігін атап өтті. Президент сондай-ақ, ірі жер пайдаланушылар жерді жалға алатынын, ал, олардың ол алқаптарды қалай пайдаланып жатқандығын ешкім тексермейтіндігін де атап көрсетті. Жердің құнарлылығы сақтала ма, өнімді мол бере ме деген сұрақтарға жауап берілмейді. Жерді тиімді пайдаланудың жолы  алқаптарды жекешелендіру болуға тиіс. Бүгінгі күні Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған жердің 97,4 миллион гектары (98,8 пайыз) көпжылдық арендада болса, тек 1,2 пайызы ғана жекеменшікке берілген.
Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуды қолдайтын түрлі ресми тұлғалар Қазақстан мен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған елдер арасындағы еңбек өнімділігін, егіннің шығымдылығын, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану жағдайларын салыстыруға бейім. Әрине, қолда бар деректерге сүйенсек, бұл тұрғыда Қазақстан біршама кейін қалып қойған. Алайда, мұндай салыстырулар да біраз сұрақтар туындатады. Мәселен, ауа райын, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларға деген мемлекеттік қолдауды, арзан несие бөлудің жағдайын салыс-тыратын  болсақ, шешімі табылмаған проблемалар бар екендігі ақиқат. Сондай-ақ, ол елдер мен Қазақстанның арасында экономикалық жүйе де бір-бірімен қабыспайды. Сондықтан, мұндай
салыстырулар нақты жағдайға баға бере алмайды. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жерді жекеменшікке сату оны тиімді пайдаланумен тікелей байланысты еместігін байқауға болады. Жерді көп жылға жалға бергенде де алқаптарды өте тиімді пайдаланатын елдер аз емес. Яғни, бәрі ресурстарға қамқорлықпен қарауға мәжбүрлейтін жүйеге байланысты. Жерді тиімді пайдалануға көптеген мәселелер ықпал етеді. Біріншіден – әкімшілік шаралар.
Бұл арада жерге орналастырушы мамандардың, топырақ зерттеушілердің пікірлерінше, жерді пәрменді пайдалану мен оны бағалауға баса назар аудару қажет. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы жерлерінің түрлері, сапалары туралы нақты дерек жоқ. Мәселен, бір кезде сапасына орай, мал жа-йылымы саналған жерлерді жыртып егіске пайдалану орын алған. Кейбір жыртуға лайық жерлер қараусыз  қалған. Танымал қазақстандық топырақ зерттеуші Владимир Бобровтың айтуынша, 2015 жылғы баланс көрсеткіштерін қайта тексеру қажет. Себебі, 1992 жылы 40,7 миллион гектар жер жыртылған болса (35 миллион гектар егістік, 5,7 миллион гектар жаңартылған мал жайылымы), 2015 жылы бұл көрсеткіш 36 миллион гектар деп көрсетілген (25 миллион гектар егістік, 5 миллион гектар бос жатқан жер, 6 миллион гектар жаңартылған жайылым). Яғни, 5 миллион гектар бос жатқан жер жетіспейді.
Сондай-ақ, Үкіметтің №890 Қаулысына сәйкес жер телімдерінің бағасы белгіленгенде ауыл шаруашылығы жерлерінің тек төрт түрі көрсетіліп, бос жатқан жерлер көрсетілмеген. Яғни, 10 миллион гектар жер кез келген бағамен сатылып кетуі мүмкін. Ғалымның пікірінше жерді есепке алудағы мұндай көзқараспен жерді түгел жекешелендіру мен жерді пайдалануды тәртіпке келтіру мүмкін емес.
 Сонымен қатар, Владимир Бобров ауыл шаруашылығы жерлерінің бағасын нақтылау мәселесін қайта қарау керек дейді. Себебі, бүгінгі ақшалық баға баяғы маркстық жүйемен анықталуда. Бұл арада жер аукциондарында қойылатын баға мемлекет қойған бағадан бірнеше есе артық болады. Яғни, алыпсатарлыққа жол беріледі. Ғалым сонымен қатар, тағы да бір қаржылық проблеманы атап өтті. Мәселен, қолданыстағы заңға сәйкес жерді сатып алуға кеткен қаржыны өндірілетін өнімнің құнына артуға болмайды. Бұл орайда, негізгі қорларды сатып алғанда бұл шығындар амортизациялық аударымдар арқылы қайтарылады. Ал, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің рентабельділігінің бүгінгідей  жағдайында жер пайдаланушылар экономикасын алдын ала пайдасыз жағдайға әкеледі.
Атақты ғалым, жерге орналастырушы, экономика ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінің профессоры Михаил Спектордың пікірінше, еліміздегі мұндай жағдай 1991 жылдан бастап жерге орналастырушы мамандардың мәртебелері ұдайы төмендетіліп, басшы қызметтерге маман емес адамдарды тағайындау және жерге орналастыру мен жер кадастры мәселесін қаржыландыруды мүлдем азайтудан туындап отыр. Михаил Спектордың айтуынша, 2012 жылы жерге орналастыру бойынша жобалау-зерттеу жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру 18,1 пайыз, жергілікті бюджеттен 8,5 және тапсырыс беруші есебінен 73,4 пайызды құраған. Алайда, тапсырыс беруші – ауыл шаруашылығы құрылымдары жерді тиімді пайдалану ережелерінде нақты көрсетілгенімен, шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларына тапсырыс беруге асығар емес. Бұл орайда көптеген шаруашылықтарда ондағы жерлерді тиімді пайдалануды реттейтін маман агрономдар да жетіспейтіндігін айту керек. Тіпті, жерге орналастыру жүйесі әбден тұралап қалғандығына қарамастан, елімізде бұл жұмыстарды ретке келтіре алатын мамандар да аз қалды.
Сондай-ақ, жерді тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі Жер ресурстарын басқару агенттігі жабылып қалған соң жағдай тіпті ушығып кетті. Оның аймақтық инспекциялары да жабылып, әкімдіктерге берілді. Соның салдарынан жергілікті  атқару органдары жерді өздері беретін, өздері қайтып алатын заңға қайшы әрекеттерге жол берілді. Агенттіктің қалғаны Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетіне қосылды. Бұл орган жергілікті атқару органдарының жер мәселесі бойынша қабылдаған шешімдерін қадағалауға тиіс. Алайда, аталмыш органның еліміз бойынша өз функцияларын толық атқаруға мүмкіндігі жоқ.
Бұрынғы Қаржы министрі, бүгінде танымал шарап өндіруші Зейнолла Кәкімжановтың пікірінше, бізге Ұлттық аграрлық технологиялар институты бар Аргентинаның тәжірибесі дұрыс келеді: «Бұл мемлекеттік мекеме жартылай мемлекеттік бюджеттен, жартылай барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарына көрсеткен қызметі үшін түсетін төлемдер есебінен қаржыландырылады. Аталмыш мекеме ауыл шаруашылығына жарамды жері бар Аргентинаның барлық аумағында өзінің бөлімдерін ашқан. Оның атқарар қызметтері ауқымды да, әр қилы. Егіс және мал шаруашылығын толық қамтыған. Мәселен, жер пайдалану мәселесінде жерді, топырақтың жағдайын, ондағы ылғал мөлшерін, егіс айналымы жайының дұрыс орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ, жаңа технология-ларды пайдалану, өсімдіктер мен асыл тұқымды малдарды әр ауданға бейімдеу, селекциялық жұмыстармен, фитосанитариялық қызметтермен, жаңа техникалар енгізумен, ауыл шаруашылығы және бизнес мәселесінде оқытумен, ақыл-кеңес  және рұқсат құжаттарын берумен де айналысады. Қысқаша айтқанда, Аргентинаның барлық аймақтарындағы бөлімшелері  фермерлер мен өңдеушілерге, қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарға қажетті қызметтердің бәрін қолдарына алған». Бір кезде бұл институт барлық жерлердің сандық және сапалық жағдайына да тексеру жүргізген. Мұндай құрылымдар басқа да мемлекеттерде болуы мүмкін. Ең бастысы, олардың арасынан Қазақстанға лайықтысын таңдап алу.
 Бұл орайда, көптеген сарапшылар, аграрлық сала мамандарының өздері де топырақтың табиғи құнарлылығын сақтап қалу керек дегенді жиі айтады. Логистикалық, климаттық қиындықтарға қарамастан, алқаптардың әзірге химикаттармен толық уланбай тұрғанында  органикалық өнімдер шығаруда қазақстандықтардың әлемде алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндігі бар. Әзірге осындай мүмкіндік болып тұрғанда біз топыраққа сіңірілетін пестицидтердің, гербицидтердің, химиялық қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін бақылап отыруымыз қажет. Біз шақыратын шетелдік инвесторлардың топырақ пен ауыл шаруашылығы шикізаттарының тазалығы тұрғысындағы жалпы талаптардың орындалуына баса назар аударатындығын ұмытуға болмайды.
Сонымен қатар, Зейнолла Кәкімжанов ауыл шаруашылығында химиялық өңдеуді, өсімдік қорғау технологияларын пайдалануды қатаң қадағалап, пестицидтерді, гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарды, өсуді жылдамдататын стимуляторларды пайдалануға белгілі бір шектеу қойып, ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі зиянды да қауіпті заттардың мөлшерін зертханалық түрде анықтап отыруды қолға алу керек дейді.
Аграрлық сала қызметкерлерімен сөйлескенде олар ауыл шаруашылығы жерлерінің бонитетін айқындау тұрғысында жер кадастрын жаңартып, жерді егістік, шабындық, мал жайылымы және бос жатқан жер деп нақтылап, елді мекендер айналасындағы мал жайылымдарын тиімді пайдалануды реттеу қажеттілігін айтады. Бұл тұрғыда жерді пайдалану тәртіптерінде сыбайлас жемқорлыққа жол беретін нормаларды өзгертіп, жер пайдалануды есепке алатын және бақылайтын өкілетті орган құруды ұсынады. Ең бастысы – жер қатынастарын шетелдік инвесторларды қоса алғанда әділ де шынайы реттейтін, жерді тиімді пайдаланатын диқандарды қорғап, жерге немқұрайлы қарайтындарға шара қолдануға мүмкіндік беретін жүйе құру қажет. Сонда барлық жерді жекеменшікке жаппай сатпай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер арасында әділ бәсекелестік құруға болады.
Ал, ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты айдалану мәселесіне келетін болсақ, жаңа Жер Кодексінде бұл мәселе қамтылған. Бұл – аграрлық сала қызметкерлері көптен күткен мәселе. Бұл арада әңгіме ауыл шаруашылығына қажетті құрылыс жүргізгенде және жердің иесі өзгергенде жерді мақсатты пайдалануды өзгерту туралы болып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерінде фермер жылыжайдың орнына мал қорасын салатын болса, жерді пайдалану өзгертілді деп рұқсат қағаз іздеп қажеті жоқ. Сондай-ақ, кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы өзгергенде, мәселен шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгергенде де рұқсат іздеу керек емес. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығында бизнес-пен айналысуды жеңілдетіп, агроөнеркәсіптік секторда жаңа кәсіпорындардың ашылуына оң ықпал етеді.

Талғат ҚАСЕН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар