Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коммуналдық қызмет ақысы түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

Коммуналдық қызмет ақысы түсіндірілді

«Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының бастамасымен облыс орталығының Әуезов көшесіндегі бірқатар үйлердің тұрғындары үшін коммуналдық қызмет ақысы мәселелері бойынша осы сала өкілдерімен және депутаттармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақов коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің құрылу тетіктері, есептемелер тәртібі мен олардың өзгеруі жөнінде баяндап берді.
– Электр қуатына тарифтердің өсуінің бірден-бір  себептері электр станцияларында оның құнының көтерілуі, экономиканың реттелмейтін секторларында материалдар мен шикізаттарға бағаның өсуі, электр қуатын таратушы ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыруы болып табылады, – деді ол.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Төлеу Ақтаев көппәтерлі тұрғын үйді күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың нақты жоспары және олардың атқарылуына жұмсалатын шығындар негізінде сметалық құжаттамалардың жасалуы туралы әңгімелеп, тұрғындарды осы  ережелермен және қала бойынша тарифтерді түзу нормативтерімен таныстырды.
Тұрғындар үйдің  кіреберіс жолдары, жаяу жүргіншілердің жолы, лифтінің жұмысы және тағы да басқа мәселелер жөнінде сұрақтар қойды. Айталық, Сәуле Ермағанбетова үйде лифтінің жұмыс істемейтіндігіне  шағымданса, Нұргүл Ысқақова үй кіреберістерінің ұзақ уақыт бойы тазаланбайтындығы жайлы айтты. «Біз үй кіреберісін өзіміз тазалап-жууға мәжбүрміз. Біздің өзіміздің де шаруаларымыз жетерлік, барлығымызда жұмыс, жанұя бар», – деді ол.
Кездесу соңында Тимур Ысқақов тұрғындарға барлық мәселелердің қарастырылатынына уәде берсе, тұрғындар да өз тараптарынан  мемлекеттік атқару органдарының өкілдеріне кездесу үшін  ризашылықтарын білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар