Өсіп, өрлеу кезеңі

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қадірлі ұстаздары мен студенттер қауымы!

Баршаңызды университеттің бүгінгі 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім мен ғылым – қоғамды дамытатын негізгі күш, оның бүгіні мен болашағы, бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты фактор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың, әсіресе, жастардың білім алу мәселесін аса маңызды міндет етіп қойып отыр. Елбасы осы арқылы «Қазақстанды шикізат өндіруші емес, ақыл-ойдан туындайтын өнім өндіретін елге айналдырамыз» деген болатын. Сондықтан да, бұл салаға ерекше  назар аударылуда.
Ақмола облысында жоғары білім беруде бай дәстүрлер қалыптасқан. Соның ішінде біздің басты  мақтанышымыз – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Өткен ғасырдың орта тұсында мұғалімдер институты болып бастау алған бұл оқу орны бүгінде облысымыздың жетекші, маңдайалды білім ордасы, өңіріміздің ғылыми орталығына айналды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Ақмола өңірінде құрылған жоғары оқу орны қазір жастарға кәсіби жоғары білім беріп, еліміздің жарқын болашағына қызмет ететін білікті мамандар даярлайтын іргелі оқу орны болып саналады.  Осы мерзім ішінде мыңдаған жоғары білікті мамандар даярланып, білім беру саласында зор тәжірибе жинақталды. Іргелі оқу орны өзінің қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті. Білім ордасының жұмыс істеу кезеңдері мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерімен тұспа-тұс келді. Университет түлектерінің еліміздің аймақтарында ғана емес, сонымен қатар, таяу және алыс шетелдерде де қызмет атқарып жүргенін және жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленетіндерін үлкен мақтанышпен айта аламыз. Сонымен бірге, университет түлектері арасынан тәуелсіз елімізді әлемге таныту ісіне атсалысқан белді өндіріс өкілдері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің  көптеп шыққаны белгілі. Университет ұжымы өзінің бай тәжірибесімен заманауи технологияларды игере отырып, еліміздің аграрлық секторының индустриалдық-инновациялық жағынан дамуына да айрықша үлес қосып келеді. Білім ордасының ұжымы қазақстандық жоғары оқу орындарының көшбасшысы ретінде алдыңғы орындардан көрініп жүргендігін мақтанышпен айта аламыз.
Құрметті ұстаздар қауымы, университет студенттері! Баршаңызға зор денсаулық, оқу мен еңбекте шығармашылық табыстар тілеймін. Білім мен ғылым саласында биік асулардан өтіп, абыройларыңыз асқақтай берсін. Жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы істеріңіз жемісті де сәтті болсын!

Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар