«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партияның кадрлық резервін қалыптастыру мен кадрларды іріктеу мәселелеріне арналған брифинг өткізді.
Отырысқа «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов, аталмыш партияның саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Балбергенов, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партияның кадрлық резервін қалыптастыру бойынша өз жұмысын бастайды. Бұл сайланбалы және партиялық лауазымдарға білікті мамандар шоғырын ұсынудың жүйелі тәртібі.
Жиын барысында аталған байқаудың мақсатын Азамат Біржанов жиналған қауымға толық айтып берді. Резерв бастауыш партия мүшелері, белсенді жастар мен партия жасақтары қатарынан құрылады. Одан әрі, аймақтық кадрлық резервке ену үшін үміткерлер үш сатылы іріктеу жүйесінен өтуі керек. Олар кәсіби деңгейі мен партиялық сипаттары бойынша тексерістен өтеді. Ал, Еркебұлан Балбергенов «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві республикалық және аймақтық деңгейлерде бекітілетінін, әр ауданнан он үміткер болса, қала бойынша он екі және облыс орталығынан жиырма бес үміткер қатысатынын айтты. Аталған резерв 2017 жылдың соңына дейін қалыптастырылатын болады. Партияның аймақтық кадрлық резервіне республика бойынша үш мыңнан астам адам енгелі отыр.
Назгүл РАБИЛОВА.