Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата жұртта ардақты - АРҚА АЖАРЫ

Ата жұртта ардақты

Болат Темірбаев біраз жылдардан бері Целиноград ауданының ардагерлер ұйымына жетекшілік етіп келеді.

 

Оның туып-өскен өлкесі Ресейдің Тюмень облысына қарайтын Голшман ауданының №1 Құркөлеңке аталған қазақ ауылы. Ол атасының өнегелі тәрбиесін көрген. Сондықтан да, әкесінің  әрбір талап-тілегін  ешқашан жерге тастамаған. Болат Жанатайұлы  Ишим қаласының №5 мектебін орысша бітірсе де, ана тілі мен ата дәстүрін  естен шығарған емес. Отан алдындағы міндетін өтегеннен кейін тағы да әке аманатын орындау мақсатымен Тобыл мал дәрігерлік техникумын тәмамдаған. Сол аралықта өз қабілетін байқап,  жоғары білім алуға ұмтылды. Содан Омбының, одан кейін Мәскеудің Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы институттарын бітіріп,  білек сыбана жауапты жұмыстарға кіріскен.
Сібірмен шекаралас жатқан аймақтың бірі – Солтүстік Қазақстан облысы. Болат Жанатайұлы сол өңірдің бүгінгі Мағжан Жұмабаев атындағы ауданында әуелгі кезде веттехник  болса, кейін Бескөл құс фабрикасының мал дәрігері болып  жұмыс атқарған. Таңдаған  мамандығы бойынша ол облыстық агроөнеркәсіп кешені, мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру стансасында бөлім басшысы міндеттерін де атқара білді. Одан әрі ұзақ уақыт көкөніс өндіретін «Прибрежный» совхозына жетекшілік жасайды. Заман талабы өзгерген сайын іс басында жүрген  адамдардың да  қызметі жиі ауысатыны белгілі. Сол себепті Болат Темірбаев теріскейдегі өңірдің ауыл шаруашылығы саласында біраз уақыт тынымсыз еңбек етеді. Соңғы жұмыс орны – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысаралық балық шаруашылығы мекемесі болды.
 – Арман қала – Астана бар қазақ баласын өзіне магниттей тартты ғой, – дейді Бөкең жүзі жайдарланып. – Балаларымыздың көңілі ауған жаққа біз де қоныс аудардық. Жан-жақтан келген елмен жақындасып жатқанымыз бір ғанибет емес пе.  Целиноград ауданында болып жатқан өзгерістер ардагер ағамыздың көңілін марқайтып отыр. Әсіресе, Мәлғаждар Тәткеев әкім болғаннан бері жасалған жақсы істерді жіпке тізгендей айтып берді.
–  1941-1945 жылдардағы боздақтардың есімдері жазылған ескерткіш тақта, халқымыздың қаһарман ұлдары Рақымжан Қошқарбаев пен Талғат Бигелдиновке орнатылған қос ескерткіш  зор қуаныш.  Аудан орталығы Ақмолдың бүгінгі бет-бейнесі де көз тартарлық, – дейді ол. Аудан әкімінің ұсынысымен Болат Жанатайұлы екі жыл бойы еңбек ардагерлерін «Жұмбақтас» санаторийіне жіберіп, дем алдырып жатыр. Іргеде тұрған Көкшенің Бурабайын көрген кісілердің қуанышында шек жоқ. Бұл да бұрын-соңды болмаған игілікті іс.
Ардагердің арқа сүйейтін ұл-қыздары да  өз алдына жеке үй болған. Кіші қызы Салтанат 2005 жылы Венгрияда өткен Халықаралық ғылыми олимпиаданың күміс жүлдегері. Қыздары экономист мамандығын таңдаса, ұлы  – заңгер. Жұбайы Баян Ахмедияқызы екеуі бүгінде немере-шөберелерінің қызығын көріп, баянды өмір сүруде. Жалпы, астаналық ауданның ардагерлеріне дем беретін, қоғамдық түрлі істерге жұмылдыратын жан осы Болат Жанатайұлы. Жүрісі ширақ ел ағасының өтініш-тілегіне аудан басшылары да үнемі назар аударып келеді. Жастарға өнеге болатын осындай ардагерлер өмірі жолаушылар алдындағы даңғыл жол, адастырмас темірқазық сияқты.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар