Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тәуелсіздік – тірегім, отбасым – жүрегім» - АРҚА АЖАРЫ

«Тәуелсіздік – тірегім, отбасым – жүрегім»

Облыстық филармонияда жас отбасылар арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік –тірегім, отбасым – жүрегім» атты сурет  байқауы мәреге жетті. Егемендігіміздің 25 жылдығына және отбасы күніне орай,  аталмыш байқауды облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

 

Байқаудың мақсаты – жастар арасында  отбасылық құндылықтарды насихаттау.  Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Ең алдымен  байқауға қатысуға ниет білдірген  отбасылардың суреттері қабылданды. Содан соң,  «В контакте» әлеуметтік желісіндегі облыстық жастар ресурстық орталығының парақшасында олардың суреттері жарияланды. Дауыс беру кезеңінің қорытындысы  
бойынша ең көп «дауыс» жинаған үздік он отбасы екінші кезеңге өтті. Ал, екінші кезеңге жолдама алған  жанұялар өз  өмірлерінен  алынған екі шағын суреттерін жіберіп, қазылар шешімімен  облыстық байқауға   бес жанұя  қатысты. Бұл жерде қатысушылар   «Менің жанұям – менің байлығым» тақырыбында бейнероликтерін көрсетіп, жас отбасылар өмірлерінің ең жарқын көріністерін паш етті. Олар отбасы – шағын мемлекет  деген идеяны алға тартты. Ал, байқаудың ең шешуші кезеңінде жас  отбасылар шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, әуезді әндерімен және әсем билерімен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.  
Қорытынды кезең бойынша Есіл ауданынан келген Жанар мен Айбар Бөрібаевтар жанұясы байқаудың жеңімпаздары атанса, екінші орынды  Егіндікөл ауданының намысын қорғаған Айтуған және Айдана Жұматовтардың  отбасы жеңіп алды. Ал,  үшінші орынды  Аршалы ауданынан келген Юлия және Данияр Өтеевтер жанұясы иеленді.  Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Тимур Ысқақов аталмыш сайысқа белсене қатысқан отбасыларға алғысын білдірсе,  облыстық мәслихаттың  депутаты Әлібек Баймағамбетов   отбасының іргетасы мықты болған жағдайда,  еліміз де өркендей беретінін жеткізді.  Байқау  қатысушыларына  дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

Назгүл РАБИЛОВА.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар