Аурудың алдын алғымыз келеді

Ауданның денсаулық сақтау саласы мекемелері аудандық орталық аурухана, бір емхана, екі дәрігерлік амбулатория, бір фельдшерлік-акушерлік пункт пен отыз медициналық пункттен тұрады.

 

Оларда тұрғындарға стационарлық, амбулаторлық-емханалық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетілуде. 2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы аудан бойынша өмірдің орташа ұзақтығы 67 жасты құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 66,7 жас болған. Көп жылдардан бері ана өлімі тіркелген жоқ. Биыл бір сәби шетінеп кетті. Ауданда 15 мың 580 адам тұрады. Оның 7 мың 300-і әйел. Жыл басынан бері 128 сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Туберкулезбен ауырғандар саны азайып келеді. Биыл бұл аурумен ауырған 3 адам тіркелді. Қатерлі ісікпен ауырғандар саны 23 адамды құрайды. Скрининг арқылы жүрек ауруының алдын алудамыз. Дәрілер тегін беріледі. Бірақ, бұл ауруға шалдыққандар саны көбейіп келеді.
Аудан бойынша жүрек ауруымен ауыратын 3 мың 200 адам тіркеуде тұр. Биыл 32 миллион теңгенің тегін берілетін дәрі-дәрмегіне өтінім бердік. Жыл басынан бері жүрек ауруынан 25 адам, қатерлі ісік ауруы-нан 7 адам қайтты. Өлім-жітім аурудың алдын алу шараларының арқасында жыл өткен сайын азайып келеді. Аудан бойынша 20 дәрігер жұмыс істейді. Биыл тәжірибелі невропатолог пен гинеколог келді. Үш жас дәрігер келеді деп күтілуде. Хирург қажет. Сондай-ақ, медициналық колледждің тоғыз түлегі еңбек етуде. Екеуін Үлгі мен Алға ауылдарына жібердік. Үшеуі емханада, екеуі ауруханада жұмыс істейді. Аудандық орталық ауруханада 46 сырқат жатып емделеді. Мұнда ота көп жасалмайды. Өйткені, хирургтер жетіспейді. Күрделі ота жасауды қажетсінетін сырқаттарды портал арқылы облыстық аурухана мен Бурабай аудандық орталық ауруханасына жібереміз. Жергілікті ауруханада тек жеңіл ота жасалады. Мұндағы перзентханада денсаулығы жақсы әйелдер босанады. Ал, сырқаты бар немесе күрделі ота жасауды қажетсінетін әйелдерді тағы да облыстық аурухана мен Бурабай аудандық орталық ауруханасына апарамыз. Ана мен бала денсаулығы жіті қадағаланады. Аудан бойынша 4 мың 200 бала бар. Оның екі жүзі бір жасқа толмаған. Балалар үшін арнайы  бөлімше жұмыс істейді. Екі педиатр дәрігер емдеу-мен айналысады. Макинка селосының тұрғындарына дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Осылайша халықтың денсаулығы жолында қолдан келгенше қызмет етіп жатқан жайымыз бар.
Дәмелі СЫЗДЫҚОВА,
аудандық орталық аурухананың
бас дәрігерінің міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар