Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңір ауыл шаруашылығымен бірге өнеркәсіпке бет бұруда - АРҚА АЖАРЫ

Өңір ауыл шаруашылығымен бірге өнеркәсіпке бет бұруда

Еліміз биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы жылдары Қазақстан әлеуметтік қауымдастықта экономикасы дамыған, қазіргі заманғы өркениетті мемлекет ретінде қалыптасты. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен ел халқына арнаған Жолдауларында айқындалған міндеттерді орындау барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік.

 

Ауданның экономикасын тау-кен, өнеркәсіптің өңдеуші кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы саласы деп бөлуге болады. Бүгінгі таңда өнеркәсіп кәсіпорындары 8475,9 миллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіш. Аудан бойынша темір рудасын өндіретін «Өркен-Атансор» серіктестігі, уран рудасын өндіретін «Семізбай-U» cеріктестігі, қорғасын концентратын өндіретін «Жаңалық GOLD» серіктестігі тәрізді ірі кәсіпорындар жұмыс істесе, жылына 2 миллион тонна цемент шығаратын «Көкше-Цемент» серіктестігі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Аталмыш тау-кен кәсіпорындары мемлекеттік бюджетке қомақты қаржы аударады. Ауданның инфрақұрылымы жақсарып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл серіктестіктердің қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштерінің арқасында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің индексі 106,8 пайызды құрады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына жылына 2 миллион тонна өнім өндіретін цемент зауытының құрылысы енгізілді. Бұл құрылыс жекеменшік қаржысы есебінен жүргізілді. Нысан биыл іске қосылады.
Бүгінгі таңда 62,3 миллиард теңге игерілді. Ұсақтағыш кешеннің жобалық қуатына қол жеткізілді. Шикізат пен көмір диірмендерін іске қосу жұмысы жүргізілуде. Пештің кірпіштері қалануда. 2014 жылы Степняк қаласындағы жылына 150 миллион дана жұмыртқа шығаратын «ҚазГерҚұс» серіктестігі құс фабрикасының 2 кезеңдегі құрылысының жобасы мақұлданған. Жоба өткен жылдың соңында пайдалануға берілді. Жыл басынан бері 7544,4 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, жалпы көлем индексі 98,8 пайызды құрады. Биыл 3287,6 тонна ірі қара мен құс еті, 4003,9 тонна сүт, 201022 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сүт бағытындағы ауыл шаруашылықтарында ірі қара мал басының көбеюі және «ҚазГерҚұс» серіктестігі құс фабрикасының есебінен сүт пен жұмыртқа өндірісі артты. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара мал басы, қой-ешкі, жылқы және құс саны көбейіп келеді.
Жыл басынан бері «ҚазГерҚұс» серіктестігінің құс фабрикасында 201022 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жыл басынан бері Астана қаласына 28,1 миллион, Алматы қаласына 22 миллион, Павлодар қаласына 12,6 миллион дана жұмыртқа сатылды. Экспортқа 71,4 миллион дана жұмыртқа, 58,5 тонна ет шығарылды. Сондай-ақ, 396 тонна құс еті, 4 тонна фарш, 250 тонна май саудаланды. Мамай ауылында «KazBeefLTD» серіктестігінің базасында инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда 6 мыңға жуық бас ірі қара мал, оның ішінде 2900 бас сиыр және Щучинск сүт зауытының 3129 бас ірі қарасы, 2 мың басқа жуық бұзау бағылады. 10,3 тонна ет өндірілді. Экспортқа 39,5 тонна ет шығару жоспарланған. Макинка селосында 16740 қаз бен үйрек өсіріледі. Кәсіпорын балапан мен жұмыртқа сатады. Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 956 субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада 2838 адам жұмыспен қамтылған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 11 жоба мақұлданып, өткен жылы жүзеге асырылды. Жеке кәсіпкер В. Лебедев несие алып, жолаушылар тасымалдау үшін автокөлік сатып алды. «ЕрАс АШК» серіктестігі коммерциялық мүлікті жөндеуден өткізді.
Құдықағаш ауылындағы жеке кәсіпкер Е.Ниязов картоп сақтау қоймасын салу үшін, жеке кәсіпкер О.Магерко мал шаруашылығын дамыту үшін құжаттар дайындауда. Жеке кәсіпкер «Теменұлы» Пригорхоз селосында наубайхана ашуды, «Молочный берега» серіктестігі шағын май зауытын салуды межелеп отыр. Жыл басынан бері құрылыс жұмысының көлемі 942 миллион теңгені құрады. Соңғы кезде құрылыс-монтаж жұмысының көлемі азайды. 2016 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 64,7 миллион теңге қарастырылған. Есепті кезеңде аудан бойынша 854 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда «Таир» серіктестігінің құрылысшылары 21 пәтерлік тұрғын үйдің төбесі мен ішкі жұмысын атқаруда. Мақпал ауылында салынып жатқан 80 орындық мектептің аумағын абаттандыру үшін 22,6 миллион теңге бөлініп, игерілді. Мектеп жаңа оқу жылында есігін айқара ашты. Мамай ауылында су құбыры жүйесі пайдалануға берілді. Жыл басынан бері республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерге 4922,9 миллион теңге салық түсті. «Богви», «Кеңащы агрофирмасы», «Донской», «Ақ бас Агрофирмасы» және «Еңбек Целина» серіктестіктері бюджет алдындағы қарыздарын өтей алмауда.
Биылғы жылы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге 47,3 миллион теңге қарастырылды. Оның 20 миллион теңгесі облыстық бюджеттен бөлінді. Бүгінгі таңда 63,3 миллион теңгесі игерілді. Алты елді мекеннің сумен қамтамасыз ететін жүйесін жөндеуге 22,2 миллион теңге бөлініп, 18,4 мың теңгесі игерілді. «Степняк су» коммуналдық кәсіпорны 18,1 миллион теңгеге көмір сатып алды. Қазір көмір тасымалдануда. Елді мекендер абаттандырылды. Ауданда кондоминиум нысаны тіркелмеген. 2009 жылы ауданның коммуналдық меншігіне 32 пәтерлік тұрғын үй алынды. Қалада негізінен екі қабатты ғимараттар орналасқандықтан, пәтер иелері кооперативі құрылмаған. Аудан бойынша 268 адам пәтер кезегінде тұр. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар кедейшілік деңгейінен төмен тұрмайды. 388 адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Аудан аумағында орналасқан ірі кәсіпорындардың арқасында жұмыссыздар саны аз. Биыл 133 адам жұмысқа орналастырылса, 36-сы қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалар мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалмайды. Оңтайландыру бағдарламасы негізінде мүгедек балаларға қызмет көрсету дәстүрге айналған. Қамқорлыққа мұқтаж 56 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 84 адам тұрғын үй көмегін алуда. Бес мүгедек бала үйінде оқиды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 23 адам шағын несие алуы тиіс. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» акционерлік қоғамында 12 адамның өтінімі қаралды. Екі қатысушы жалпы сомасы 5400,0 мың теңгенің несиесін алды. Он қатысушы негізгі бюджеттің несиесіне ие болды. Аталмыш бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 14 адам жұмысқа орналастырылды. Әлі де атқарылатын игілікті істер жетерлік.

Асқар ҚИЫҚОВ,
Еңбекшілдер ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар