Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатарынан екі сенбі - АРҚА АЖАРЫ

Қатарынан екі сенбі

бойы өткізілген жәрмеңке көптің көңілінен шықты

Жәрмеңкені аралап көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров оның ұйымдастырылу деңгейіне ден қойды. Көкшетаудағы қатарынан екі сенбі бойы өткізілген бұл жәрмеңкеде Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер аудандарының  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен облыс орталығының өңдеуші кәсіпорындары өз өнімдерін сатты. Мұнда қала тұрғындарына  нарық бағасынан арзан ауыл шаруашылығы өнімдерінің алпыс түрі ұсынылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның айтуынша, атаулы кәсіпорындар 60,5 тонна ет және шұжық,
7,7 тонна балық, 16,3 тонна сүт өнімдерін, 44 тонна ұн, 100 тонна картоп, 132,2 тонна көкөніс пен бақша өнімдерін, 5 тонна қант, 16,5 мың литр өсімдік майы, 302 мың дана жұмыртқа және өзге де өнімдерді нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатты.
Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қанат Гебаев бізбен әңгімесінде он екі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары мен
аудан тұрғындары әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелгенін атап өтті. Бұл ауданның өкілдері 3,5 тонна ірі қара, 2,5 тонна жылқы, 2 тонна қой етін әкеліпті.  10 тонна күнбағыс майын, ұн, көкөніс пен мал азығын саудалады. Жәрмеңкеде «Бастау» мен «Шуйский» серіктестіктерінің ет өнімдеріне, «Сочинский» серіктестігінің күнбағыс майына сұраныс жоғары болғанын атап өткен жөн. Аудан тұрғындары сары май, ірімшік, айран, құрт, қаймақ, картоп пен көкөністі арзан бағамен сатты. Ақкөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гүлжан Баймұқанованың айтуынша, жәрмеңкеге аудан орталығындағы кәсіпорындар мен сегіз ауылдық округтың тұрғындары атсалысыпты. Әр ауылдық округ ірі қара, жылқы және қой етін, май, қаймақ, ірімшік тәрізді сүт өнімдерін, мал азығын әкелген екен. Мұнда шөптің бір тоннасы 6 мың теңгеден тез арада сатылып кеткенін айтқан жөн. Бұланды мен Еңбекшілдер аудандарының павильондарын аралап жүріп, сөрелері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қайысып тұрғанын көрдік. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар ауыл әкімдеріне разы екендерін жасырмады. Әкімдер ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындарды жәрмеңкеге қатысуға тартқан. «Журавлевка» мен «Макарт» серіктестіктері әкелген картопқа, «ҚазГерҚұс» серіктестігінің жұмыртқасына сұраныс мол болды. Сондай-ақ, «Бақтымай», «Баймұрза» серіктестіктері мен «Шәріпов» шаруа қожалығы сатқан ет пен сүт өнімдері сөреде көп жатпады. «Арай» шаруа қожалығының 38 тонна картобы мен орамжапырағының маңында да тұтынушылар көп болды. Жәрмеңкеде іргедегі Тайынша ауданының тұрғындары да өз өнімдерін сатқанын атап өткен жөн. Біз жәрмеңкенің ұйымдастырылуы жөнінде Ұлмекен Қайырбекова, Мәлғаждар Қабиденов, Кәркеш Жанұзақова сияқты бірқатар қала тұрғындарымен әңгімелесіп, сауда көңілдерінен шыққанын аңғардық. Олар өз сөздерінде тауарлар бағасы арзан болғандығын айтты. Бұдан тұрғындар да,
тауарларын лезде сатқан ауылдықтар да ұтылған жоқ. Аудандардың көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерт те тартымды болды.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Суретті түсірген Вячеслав ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар