Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барымызды бағалай білейік - АРҚА АЖАРЫ

Барымызды бағалай білейік

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты мемлекетімізде ынтымақ пен бірлікті нығайта түсу үшін қыруар істер тындыруда. Қазақстандықтар үшін де керегі осындай берекелі де бейбіт өмір. Елбасымыздың сарабдал саясаты мен ел басқарудағы көрегендігін тек қазақстандықтар емес, әлем елдері мойындап отыр.

Қай дәуірді алып қарасақ та қазақ елі ежелден бітімгерлігімен, достық қарым-қатынасымен ерекшеленгендігін білеміз. Ырыстың, береке атаулының бастауы достықта, адамгершілік қасиеттерде жатқаны баршаға мәлім ғой. Ынтымақ бар жерде жақсылық бар. Елдің пейілі кең болса, ешкім кем болмайды.
Бүгінгідей үлкен үдеріспен дамып жатқан жаһандық хал-ахуалда  ел ішіндегі татулықты, ұлттар арасындағы достықты сақтай білу үлкен парыз.
Иә, біздің тәуелсіз Отанымыз Қазақстанда тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанымыз бір бақыт дер едім. Татулықтың қадірін жақсы түсінетін ел азаматтары ұлттар арасындағы достықты әрдайым биік қойып келеді. Бейбіт елдің ырысы мол болатыны сондықтан. Қазір біз айналамызға барлап көз салсақ, небір зұлымдық, ашкөздік, лаңкестік секілді оқиғаларды көреміз. Әлемде орын алып жатқан осындай қаныпезерлік әрекеттерге жанымыз ауырады. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай да «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген терең ойлы сөзімен адамзат атаулыны ізгілікке  шақырған ғой.
Бізде шүкір, дініміз бен тіліміз, діліміз қалыпты ырғақпен дамып отыр. Барлық ұлт пен ұлыстардың құқығы тең дәрежеде сақталған. Бұл жағынан елімізде шоғырланған бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәрі де мейірбан қазақ халқына тек қана алғыс айтады. Іргеміздің берік, шаңырағымыздың нық тұруы – мемлекетіміздегі сындарлы саясаттың жемісі.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикалық тұрғыда әл-ауқаты жыл санап артпаса, кеміген емес. «Қолымнан іс келеді» деген адамдардың барлығына да жағдай жасалып отыр. Еткен еңбектің өтеуі өз нәтижесін беруде. Мұның бәрі Қазақстан халқына жасалып отырған үлкен қамқорлық екені даусыз. Сол үшін де мемлекет тізгінін ұстаған азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жаңарған, жасарған Отанымыздың гүлденуі, сәулеті келіскен еңселі ғимараттардың бой көтеруі, тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген халықаралық деңгейдегі шаралардың өткізілуі мемлекет мерейінің артқанын, дәулетінің үстемелене түскенін айғақтаса керек. Ендеше, болашағымыз бірлікте бола бермек.
Яков СТЕРЛИГОВ,
«Ремстройпауэр» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар