Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанада «Есігімді қаққан кім?» драмасын қою қолға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Астанада «Есігімді қаққан кім?» драмасын қою қолға алынды

Газетімізде бұдан бұрын хабарлағанымыздай,  Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры соңғы кездері жазушы-драматург, сенатор Жабал Ерғалиевтің діни экстремизмнің құрбандары туралы жазылған «Есігімді қаққан кім?» драмасын сәтті сахналауымен көрермендер ықыласына  бөленуде.

Бұл спектакльді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен әуелі  Ақтөбе қаласында, одан кейін осы облыстың Астанадағы күндерінде табысты қойған театр ұжымына қойылымды елорда сахналарында одан әрі жалғастыру жөнінде  тағы да ұсыныстар түсіп отыр.
Жуырда Астана қалалық әкімдігінде шығарма авторының және спектакльді қойған Қалибек Қуанышбаев атындағы  қазақ музыкалық-драма театрының режиссері,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында бүгінгі күннің өзекті тақырыбын қозғаған қойылымның басты қырлары мен маңызы туралы кеңінен  сөз болды.  
 Қызы мен күйеу баласы жат ағымдардың жетегіне еріп, Сирияға кеткен, сөйтіп, ол жақта туған еліндегі бұған дейінгі  алаңсыз өмірлеріне өз қолдарымен өздері балта шапқан бір отбасының басындағы шырғалаңды  шынайы жеткізе білген спектакльдің бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие болатындай жөні бар. Өйткені, теріс жолда адасып, радикалды діни ағымдарға бүйрегі бұрып  жүрген жастарымыз ортамызда әлі де аз емес. Қойылым осындай шалыс басқандарды  ақылға келуге, бейбіт өмірдің, Отанымыз бен отбасының қадірін білуге, басты кейіпкерлердің қателігін қайталамауға шақырады.  
Астанада бұл драма ендігі кезекте Бауыржан Момышұлы даңғылындағы оқушылар сарайында  қойылмақшы. Спектакль 17 қазанда сағат 19.00-де басталады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар