Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды бүгінгі айтулы мереке – Рухани келісім күнімен құттықтаймын!

Рухани келісім күні – бұл өзара түсіністік пен келісімге деген құлшыныс, әртүрлі ұлттар мен әлеуметтік топтардың, саяси, діни ұстанымдардың арасын жалғастыратын алтын көпір, жақындарыңа, мұқтаж жандарға деген қайырымдылық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атап өткеніндей,  тәуелсіздік жылдарында еліміздің саяси тұрақтылығы мен дінаралық, ұлтаралық келісімін сақтап, дамыта алдық. Уақыт көрсеткендей, қазақстандық  мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынас  сенушілердің құқығы мен таңдау еркін сыйлау және құрметтеуге, қоғамдық, діни мүдделердің тепе-теңдігін сақтауға, әріптестік және түсіністікке ұмтылуға негізделген.
Ел тәуелсіздігінің арқасында бүгінгі күні әрбір қазақстандық өзі ұстанатын діни сенімнің шарттарын, ұлттық дәстүрлерін сақтап, дамытуға, діни және ұлттық мейрамдарын атап өтуге мүмкіндік алып отыр. Әлемдегі бірде-бір дін күш қолдануға, соғысқа, әділетсіздік пен арсыздыққа шақырмайды. Қазақстандағы барлық дәстүрлі діндердің мәні  – бейбітшілік пен әділдік, тазалық пен қайырымдылық, барша тіршілік иелеріне деген қайырымдылық.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде діни бірлестіктер мемлекеттің конфессияаралық және әлеуметтік бағыттағы бастамаларын үнемі қолдап, көмек көрсетіп келеді. Бүгінгі күні облысымыздың аумағында 12 конфессияны құрайтын 228 діни бірлестік ресми тіркеліп, жұмыс істейді. Олардың бәрі қоғамымыздың тұрақтылығын, дінаралық байланыс пен бірлігімізді нығайтуға мүмкіндіктерінше өз үлестерін қосып отыр.
Қадірлі жерлестерім! Баршаңызға ашық аспан, бірлік пен татулық, мықты денсаулық, табыс тілей отырып, бір-бірімізге деген сыйластығымыз бен айналамыздағыларға қайырымды болу сияқты ізгі қасиеттеріміз  ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бірлік пен достықты нығайтуға игі ықпалын тигізе берсін дегім келеді!
Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды. Жүректерге нұр құятын, шапағаты мол мереке біздің барлығымызды ұлтымыз бен дінімізге қарамастан біріктіре түседі. Ұлттар арасындағы бірліктің бекем болуы ең алдымен, адамдардың өзара тіл табысуымен тығыз байланысты. Ол үлкен еңбекті, сарқылмас қуатты қажет етеді.
Сенім, толеранттық, шынайы сыйластық, өзара түсінік – біздің әлемнің бірінші кезектегі құндылықтары. Осы құндылықтардың арқасында қоғамдық келісімнің қуаты артып, жыл сайын нығая түсуде. Қоғамдық келісім күні тұтастығымыз бен бірлігіміздің, ізеттілігіміз бен қайырымдылығымыздың және гүлденуіміздің сарқылмас қайнары болсыншы.  Сіздерге бақыт, тұрмыста табыс және бейбітшілік тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық  мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар