Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салық төлеу рәсімі оңайлатылады - АРҚА АЖАРЫ

Салық төлеу рәсімі оңайлатылады

Мемлекеттік кірістер комитеті фискальды органның қызметкерлерге салық төлеушілердің келуін азайтты, ол уақытты және қаржылық шығындарды айтарлықтай үнемдейді. Бұл туралы комитеттің даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Электрондық нышан және онлайн режимге ауыстырылған қызмет көрсетулердің саны артты. Бүгінгі күні азаматтар электрондық түрде 25 салықтық қызмет көрсетулерге және  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 24 баламалы негізде қызмет көрсетуге қол жеткізді», – деп атап өтті Е.Біржанов. Осы жылдың үш тоқсанында мемлекеттік кірістер органдары 87 пайыздан астам қызметтерді электрондық түрде көрсетті. Ағымдағы жылдың 9 айында электрондық түрде табыс етілген салық есептіліктерінің үлесі 94,7 пайызды құрады. Бұрын банктер арқылы төленген салықтар мен төлемдер туралы ақпараттар мемлекеттік кірістер органдарына төлемді жүзеге асырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде түсетін. Қазір екінші деңгейлі банктермен онлайн режимі  өзара іс-қимыл жасау арқылы әрекет етуде, осыдан кейін төлемдер туралы ақпараттарды беру мерзімі бірнеше минутқа дейін қысқартылады.  
Өткен жылдың ортасынан бастап көтерме және бөлшек сауданы, сондай-ақ, бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің негізгі бөлігі, онлайн режимде мәліметтерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау кассалық аппараттың пайдалануға кезең-кезеңімен көшірілуде.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап  фискалдық мәліметтер операторы (www.oofd.kz) порталына 75 мыңнан аса онлайн режимде бақылау кассалық аппарат- ын пайдаланатын 52 мың шамасында салық төлеуші тіркелді. Осы уақыт ішінде 2,74 триллион  теңгеге 636,1 миллионнан астам түбіртек берілген.
   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар