Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Оқжетпестің» ірі жеңісі немесе жерлестеріміз қола жүлдеге қол жеткізе ала ма?!. - АРҚА АЖАРЫ

«Оқжетпестің» ірі жеңісі немесе жерлестеріміз қола жүлдеге қол жеткізе ала ма?!.

Өткен жексенбі күні Шымкенттің «Ордабасы» клубын өз алаңында 3:0 есебімен тізе бүктіргеннен кейін оқжетпестіктердің, сонымен бірге, мыңдаған жанкүйерлердің Премьер-Лиганың қола медаліне  деген үміті қайта қылаң бергендей болды.
Қазір жерлестеріміз осы жеңісінен кейін турнир кестесінде бесінші орында тұр. Команданы үшінші орындағы Павлодардың «Ертісінен» 4 ұпай, ал, төртінші орындағы «Ордабасыдан» 1 ұпай бөліп тұр. Енді біріншілікте бір-ақ турдың ойындары қалды. Тек «Оқжетпес»  пен «Астананың» ғана  бұдан тыс кейінге қалдырылған өзара бір ойыны бар. Яғни, соңғы екі ойында жерлестеріміз өз алаңында біріншіліктің чемпиондық атағы үшін күресіп жатқан осы «Астана» және «Қайрат» командаларымен кездеспекші. Соңғы турда үшінші орындағы «Ертіс» сүрінсе, ал, «Оқжетпес» екі ойында өзінен мықты бұл командаларға қарсы қайрат таныта алып, бір ұтыс, бір тең ойынға қол жеткізсе, қола жүлдеге ие болып қалуы да ғажап емес. Бірақ, бұл арада қазір жерлестеріміз 44 ұпай жинаса, олардан 1 ұпайы артық «Ордабасының» да соңғы ойынына барын салатынын ұмытпайық.  Дегенмен, жағдай қалай қалыптасқанда да, «Оқжетпес» биылғы ел біріншілігін турнир кестесінің бесінші сатысында аяқтайтыны анық. Мұның өзі бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізбеген жерлестеріміз үшін үлкен табыс.
Қазір команда құрамынан бірнеше футболшылардың шығарылуына байланысты  жөнге келе қоймаған ойын өрнегі де ептеп түзелген, клубтың аяқ алысы   жаман емес сияқты. Мұны осының алдында ақтөбеліктермен тең ойнаған, ал, соңғы 31 турда шымкенттіктерден басым түскен ширақ қимылымыз да жақсы көрсеткендей.  Бұл ойында қақпа алдындағы негізгі қарбалас сәттер екінші 45 минутта өрбіді. Алдымен, Серж Бандо оқжетпестіктер орындаған кезекті бұрыштама добынан кейін нысананы дәл көздесе, 2 минут өтер-өтпесте Санат Жұмахановтың берген әдемі добын Ристо Ристович қатты соққымен қақпадан бір-ақ шығарды.
Ал, үшінші гол ойынның 89-ыншы минутында мергендігімен танылған Санат Жұмахановтың еншісіне жазылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, осылайша жеңіске деген жігерлерімен жанкүйерлер көңілін бір көтеріп тастаған жерлестеріміз енді 26 қазан, сәрсенбі күні астаналықтармен Көкшетауда өтетін ойынға да бар күш-жігерлерін салуға ұмтылатыны анық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар