Екі бағыттағы жұмыс

қандай нәтиже беріп отыр?..

Осы жайында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Виталий Гудыменконың брифингінде айтылды. Басқарма екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі, есірткінің келіп түсетін жолын кесу және заңсыз айналымға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту болса, екіншісі есірткіге тәуелділердің санының өсуіне жол бермеу.
Өткен жылы осы сала бойынша 125 қылмыс анықталған, соның ішінде 94 сату және есірткіні аса ірі көлемде сақтауға қатысты заң бұзушылықтар. Сонымен қатар, медициналық емес тұтынуға және есірткілік заттарды сақтауға байланысты 256 қылмыстың алды алынған. Жыл басынан бері нашақорлар жиналатын 8 орын анықталды.
Басқарма ішкі істер департаментінің басқа қызметтерімен және еліміздің өзге аймақтарының құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жамбыл және Қостанай облыстарының ішкі істер департаменттерімен бірлескен осындай екі арнайы операция жүзеге асырылған. Нәтижесінде жеті адам ұсталып, көп мөлшерде есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қабылдап, көлік құралдарының рөліне отырған жүргізушілерді анықтау мақсатында рейдтік шаралар да тұрақты жүргізілуде. Осындай 303 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Үстіміздегі жылы облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптары мен колледждердің оқушыларына ай сайын интерактивті сабақтар өткізудің жылдық кестесі әзірленіп, бекітілген көрінеді.
– Сараптама көрсетіп отырғандай, қабылданған шаралар нашақорлықты азайтуға біршама ықпал етуде. Жыл басында облысымызда 800 адам есепте тұрса, қазіргі уақытта олардың саны кеміді, – деді Виталий Гудыменко.
Жанат ҚАЖЫБАЙҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар