Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыт салынады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыт салынады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов мәлімдеді.

 

Аудан әкімі алдымен Елбасының Қазақстан халқына арнаған «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары бағдарламасында айтылған 5 институционалды реформалары аясында туризмнің дамуы барысына тоқталды. Оның айтуынша, Астананың іргесіндегі ауданда ЭКСПО-2017 қарсаңында қоқыс өңдейтін кəсіпорынның құрылысын Арнасай ауылында қолға алу жоспарланған. Жоспар бойынша зауыттың қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайды.  Оған тұрмыстық қалдықтар аудандағы ауылдар мен Астана қаласынан жеткізілмек. Зауытта қоқыс сұрыпталып, терең өңделетін болады. Қазіргі кезде зауытты салу үшін жер телімі анықталып, германиялық инвесторлармен əріптестік туралы меморандумға қол қойылған. Оған қоса, ауданда Индустрияландыру картасы шеңберінде 9 жоба жүзеге асырылуда.
– Оның ішінде «ДС-Гранит» ЖШС-де қырлы тас, жиек тас өндіретін комбинат салу,  «LK-KZ» ЖШС-нің кірпіш зауытын кеңейту жобасы бар, –  деді А.Тайжанов.
Өткен жылмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі де артып, 10,9 миллиард теңгені құрады. Осының арқасында нақты көлем индексі  110,3 пайызға жетті. Ағымдағы жылда аудан бойынша 190,4 мың гектар жерге дән егіліп, қоңыр күзде мол астық алынды. Сонымен қатар, мал басы да көбеюде. Осыған орай ет өндірісінің көрсеткіші 110,3 пайыз, сүт 101,7 пайыз және жұмыртқа 125,9 пайыз болды. Құрылыс жұмыстары көлемі 28,1 пайызға артып, 9,8 миллиард теңгені құрады. Жалпы, жыл басынан бері 18034 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,7 пайызға артық.
Әлеуметтік салаға келетін болсақ, халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылған оң істер көп. Ағымдағы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 615 жұмыссыз өтінішпен келген,  олардың 539-ы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, ауданда білім беру саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2016 жылы білім беру ұйымдарының ағымдағы жөндеуіне 49,6 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету де дұрыс жолға қойылған.
– Аршалы ауданында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ауданның дамуы тек қана экономикалық бағытта ғана көрініп отырған жоқ. Мәдениет, тұрғындардың рухани жан байлығы да дамуда, – деп қорытындылады сөзін аудан əкімі.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар