Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тілегіміз бір бауырлас елміз - АРҚА АЖАРЫ

Тілегіміз бір бауырлас елміз

Әзірбайжан Республикасы елшілігі өкілдерінің Көкшетауға сапары шеңберінде Достық үйінде облыс аумағында тіркелген бірқатар ұлттық мәдени орталық өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова қонақтарға биылғы жылы аталып өткелі отырған ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде қол жеткен ең басты жетістік – ұлтаралық келісім мен татулық екендігін, Мемлекет басшысының ұлтаралық саясатының нәтижесінде ұйыған тыныштығымыз бен бірлігіміз сақталып, әлеуметтік-экономикалық салада да биік жетістіктерге жеткеніміз жайында әңгімеледі. Еліміздің басқа аймақтарындағы сияқты Ақмола облысында да көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрып, өз тілдері мен дәстүрлерін сақтап, дамытуға мүмкіндік алып отырған жайы бар.
Қазақстандағы Әзірбайжан Респуб-ликасы елшілігінің кеңесшісі Агаджавид  Рамазанов іссапар аясында өткізілген кездесулер мен шараларға тоқталып, мұның өзі екі мемлекет арасын одан әрі жақындастыруға игі ықпалын тигізетін қадам болғандығын атап өтті. Екіжақты байланыс жылдан жылға нығайып келеді. Ол Қазақстанның өзге елдерге үлгі болар бір ерекшелігі – көпұлтты мемлекет екендігі және ұлтаралық, дінаралық бірлік пен ынтымақтастықтың сақталып отырғандығы екендігін баса айтты.
Облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская биыл жазда Әзірбайжанда өткен кулинарлардың халықаралық конкурсына қатысқандығын, бұл елде ұлттық тағамдар мен дәстүрге үлкен көңіл бөлетіндігін айтып, қазақтар мен әзірбайжандардың ұлттық дәстүрлері арасында көптеген ұқсастықтар барлығына тоқталды және бұл сапар екі елдің арасын жақындатып, байланысты одан әрі нығайтуға игі ықпалын тигізеді деген сенім белдірді.
Бұдан кейін қонақтар Әзірбайжан елі, тұрмысы мен салты тақырыбында салынған картиналар мен ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесін көріп тамашалады. Жаңа ұйымдастырылған көрменің лентасын елшіліктің кеңесшісі А.Рамазанов қиып, құттықтау сөз айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: көрменің ашылу сәті.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар