Анасының медалін ұрлап, сатып жіберген

жетесіз ұл заң алдында жауап беретін болады

Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасына келген 76 жастағы қала тұрғыны өзіне ұзақ жылғы еңбегі үшін берілген  «Еңбек ардагері» медалінің жоғалғанын айтып, шағымданды.

Қария көп жылғы еңбегінің бағалануы, мемлекет тарапынан еленуі іспетті көретін өзі үшін қымбат медальдің кімге қажет болғанын түсіне алмай аң-таң қалып, бәлкім, өзім бір жерге тығып қойып, ұмытқан шығармын деп үйдің астын үстіне келтіріп, ұзақ іздепті.
Бірақ, қанша іздесе де табылмаған. Шындығында, медальдің жоғалғанын зейнеткер жаздың соңында байқапты. Бірақ, қойған жерімді ұмытқан шығармын деп жүріп, көп уақытын өткізіп алған.
Қарияның арызы түскен күннен бастап ішкі істер қызметкерлері  жоғалған медальді іздеуге кірісті. Көршілерінен, таныстарынан сұрастыру арқылы медальді ұрлаған басқа емес, зейнеткердің 44 жастағы ішкілікке салынған ұлы екені белгілі болды.
Ол анасының медалін  шілде айында ұрлап алып, бір бөтелке араққа сатып жібергенін мойындады. Дегенмен, кімге сатқанын білмейтіндіктен, медальді табу қиын. Анасының медалін ұрлаған азамат енді осы әрекеті үшін заң бойынша жауапқа тартылатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар