Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астыртын арақ шығарып келіпті - АРҚА АЖАРЫ

Астыртын арақ шығарып келіпті

– Мынау арақ қалай удай? Қолдан жасалған емес пе өзі?..
– Жоқ, дүкеннен сатып алынған арақ…
(кейде әр жерде естіп қалатын әңгімелерден).

Ақмола облыстық мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық қылмысты іздестіру қызметі мамандарының жедел іздестіру шарасы барысында  алкогольді ішімдіктер шығаратын астыртын цех анықталды.

Спиртті ішімдіктер өндірісін жолға қойып алған астыртын цех біраз уақыттан бері табысты жұмыс істеп  келген сияқты. «БН Винзавод» серіктестігінің «Түркістан» конягі мен «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның «Хаома» атты арағын шығаруға маманданған цехтың жұмыстары іргелі кәсіпорындардағыдай  автоматтандырылыпты.  Сатып алушылардың күдігін туғызбас үшін, тіпті құтыға жапсырылатын қағаздың есептік бақылау нөмірлеріне дейін бар болып шықты.
Экономикалық қылмысты тексеру қызметінің қызметкерлері жасанды акциз маркаларын жапсырып сатуға дайындалған өнімдерді тапты. Сонымен бірге, сыйымдылығы жүз және екі жүз литрлік пластикалық бөшкеге құйылған спирт табылды. Қара суға спиртті араластырып дайындалған арақ пен конякты сатып, табысты күреп тауып келген және сол табысынан мемлекетке салық түрінде көк тиын төлемеген астыртын цехтың  иесі  енді осы әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады. Қазіргі күні құзырлы орган қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар