Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іс алға басып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Іс алға басып келеді

Ерейментау ауданы облысымыздағы астықты мол өндіретін аудандар қатарына жатпайды. Бұған бұл аймақтың егіс саласы үшін онша қолайлы болмауы себеп болып отыр. Оның есесіне табиғаты бай аталмыш өлкеде төрт түлік мал өсіруге барлық мүмкіндік бар деуге болады. Өтіп бара жатқан жыл ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін біршама жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілген жыл болды.

– Биылғы   орақ науқаны кезінде аудан диқандары 60923 гектар алқаптың егінін орып, барлығы  53330 тонна сапалы астық бастырды, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  Абылай Иманжүсіп. – Бұл әр гектардан орта есеппен 9,9 центнерден өнім алынды деген сөз. Әрине, онша жоғары көрсеткіш емес. Дегенмен, Ерейментау ауданы үшін жақсы түсім деуге әбден болады. Дер кезінде қар тоқтату, ылғал жабу сынды агротехникалық шараларды қолдану осылайша өз нәтижесін берген.
Бір назар аударарлығы, ауданда бидаймен қатар, арпа, сұлы егу де қолға алынған екен. Сондай-ақ, кейінгі уақытта майлы дақылдарға да жете мән беріле бастағандығы ауыл шаруашылығы мамандары мен ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының нарық талаптарына ден қоя бастағандығын байқатады.
– Біздің ауданда егіннен мол өнім жинау қиын, – дейді Абылай Иманжүсіп. – Ал, төрт түлік мал өсіруге мүмкіндік мол. Кейінгі уақытта біраз қаржы салуды талап ететіндігі, оның қайтарымының тез арада орала қоймайтындығына қарамастан, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мал өсіруді қолға ала бас-тады. Осы орайда, мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар бойынша берілетін несиелер де оң нәтиже беруде. Бүгінгі күні аудан шаруашылықтары өз өнімдерін аудан орталығымен қатар, Астана, Екібастұз қалаларындағы сауда орындарына да шығара бастады. Облыс орталығында өтетін жәрмеңкелерде де ерейментаулық кәсіпкерлердің өнімдері  лайықты орындарын алған.
Сондай-ақ, мал басын асылдандыру жұмыстары да жүзеге асырыла бастады. Мәселен, «НұрАгро» серіктестігі асыл тұқымды қой сатып алуды жоспарласа, «Ырыс-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тауарлы-сүт фермасын ашуды ойластырған. Ол үшін Германиядан 150 бас сауын сиыр әкелуді межелеп отыр. Бүгінде шаруашылық басшылары қажетті несие алу мәселесімен айналысуда. Бұл жоба жүзеге асырылса қосымша жұмыс орындары ашылып, аудандық бюджетке де қаржы көбірек түсе бастайды. Сонымен қатар, Новомарковка мен Ақсуат ауылдарында да «Жаңа береке» мен «Ер Құлан» серіктестіктері мал бордақылау алаңдарын ашпақшы. Ол алаңдарда барлығы 3000 бас мал бордақыланатынын ескерсек, Астананың азық-түлік белдеуіне ерейментаулықтардың да қосар үлесі қомақты болмақ.
Әрине, мұның бәрі Ерейментау ауданында атқарылып жатқан көптеген игі бастамалардың кейбіреулері ғана. Жалпы, ауданда кейінгі уақытта әсіресе, ауыл шаруашылығы саласының алға басып келе жатқандығы қуантады. Оның айғағы ретінде мұнда қолға алынған жұмыстарды айтуға болады.
 Талғат Қасен.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар