Астық тазалануда

«Егіндікөл элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 136 мың тонна көлемінде астық қабылдай алады. Кәсіпорынға «Армавирский», «Алтын дән шаруа» серіктестіктері тәрізді ірі шаруашылықтар, «Саяхат», «Семенча» сияқты шаруа қожалықтары астықтарын тасымалдауда.

Биыл мұнда электрондық астық қолхаты жүйесі енгізілді. Диқандар элеваторға келмей-ақ, астығының саны пен сапасын ұялы телефон арқылы біліп отырды. Бүгінгі таңда элеватор 105 мың тонна астық қабылдап, 43 мың тоннасын тазалады. «Целинные» және «ДСП-50» маркалы астық кептіргіштерімен 35 мың тонна астық кептірілді. Шымкент қаласына Жалтыр станциясы арқылы 33 мың 500 тонна астық жіберілді. Мемлекет тарапынан астық кептіргіштер үшін қажетті дизельдік отын бөлінді. Мұнда 147 адам ауысымдық мезгілмен еңбек етіп, жұмыс қарқынын үдете түсуде.

Жанар МӘУЛЕНОВА,
кәсіпорынның бас маманы.
Егіндікөл  ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар